«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облыстық іскер әйелдер кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарын бекітті

2024 жылғы 17 Маусым
- Түркістан облысы
5678 просмотров

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында іскер әйелдер кеңесінің мүшелері кезекті рет басқосты. Жиынға облыстық іскер әйелдер кеңесінің қала-аудандардағы төрайымдары, жас іскер әйелдер кеңесінің төрайымдары қатысты. Кездесу барысында күн тәртібіне қойылған биылғы жылға арналған іскер әйелдер кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды.

Өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің елеулі еңбегін атап өткен палата директоры Асылан Ибадуллаев биылғы жыл да табысты болуына тілектестік білдірді. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Тулегенова тасқын судан зардап шеккен отандастарымызға қаржылай қолдау білдірген және гуманитарлық көмек көрсетуге атсалысқан азаматшаларға алғыс айтты.

Жиын соңында салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Әзірет Ыдырыс әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының 2023 жылы атқарған қызметтері бойынша баяндама жасады. Енді іскер әйелдер кеңесінің координаторлығын шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Жанель Қали жүргізетін болады.

Жалпы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында былтыр 376 әйел азаматқа кәсіпкерлікті қолдау бағытында кеңес берілсе, 120 қыз-келіншек оқыту курсынан өтті. Яғни, «Визажист», «СММ», «Тігін тігу», «Аспаздық», «Кондитерлік өнім өндіру» бойынша қыз-келіншектер оқыту курстарына қатысып, сертификат табысталды.

Кәсіп иелерінің берекелі бизнесін жандардыру мақсатында 12 кәсіпкерге Салтанат Ходжа-Мамедқызы менторлық сүйемелдеу қызметін атқарды. Перспективалы бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау үшін іскер әйелдердің әріптестік байланысын нығайту жұмыстары өз жалғасын табады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер