«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық жиһаз өндіруші кәсіпкерлерге шетелдік көрмеге қатысу үшін берілетін  қаржыны алдын ала алған тиімді

2024 жылғы 16 Шілде
- Түркістан облысы
5077 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында жиһаз өндірісі кіші салалық кеңесінің отырысы өтті. Түркістандық жиһаз өндіруші кәсіпкерлердің басқосуында шетелдік көрмелерге қатысу кезіндегі шығындардың өтелуі, «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесі және «Show room» жобасы тақырыбындағы мәселелер талқыланды.

Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өткен жылы осы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық деңгейдің 76,8 пайызын құрады.

Облыс аумағындағы кәсіпкерлердің шетелдік көрмеге қатысуға кететін шығыны жобамен 20-30 млн. теңге екенін ескерсек бұл тек ірі кәсіпорындарға ғана қол жетімді болып отыр. Кәсіпкерлер өз өнімін шетелдік көрмеге шығарғысы келгенімен, қомақты қаржы шығару кез келген кәсіпкер үшін қалтаға салмақ салады. Сондықтан да, кәсіпкерлер шетелдік көрмеге қатысу үшін берілетін  қаржы алдын ала берілсе деген ұсыныс айтты.

Сондай-ақ, кездесуде «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесіне қатысу бойынша ақпарттандыру жүргізілді. Көрме ағымдағы жылдың 14-16 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Жиынға «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысқан көрменің негізгі ұйымдастырушысы «Kaziron Trade» ЖШС-нің көрмеге жауапты маманы Мақпал Аубакирова толыққанды ақпарат беріп өтті.

Жиында жиһаз өндірісіндегі кәсіпорындарға арналған «Show room» жобасы бойынша ұсыныс айтылды. Бұл дегеніміз қаламыздағы барлық жиһаз өндіруші кәсіпорындардың сатылым дүкенін бір жерге тоғыстыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер