Кәсіпкерлік саласының қос ардагері құрметке бөленді
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев кәсіпкерлік саласына еңбек сіңірген қызметкерлерді марапаттады. Атап айтқанда, кәсіпкерлік саласының зейнеткері Нәлібай Дәрібаевқа «Атамекен» ҚР ҰКП-ның «Іске адалдығы үшін» III дәрежелі медалі табысталды. Бірлігі жарасқан ұжымның ыстық ықыласты құттықтауына бөленген азаматтың бірі – Нұрлыбек Боранбаев. Өмір жолының 50 жылдан астам уақытын ауыл шаруашылығы саласының дамуына арнаған азамат Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен «Құрметті профессор» атағына ие болды.
Нәлібай Үсенұлы 1957 жылы 7 наурызда бұрынғы Түркістан ауданы, Сауран ауылында туған. Құрметті зейнет демалысындағы беделді қызметкер кәсіпкерлер палатасында еңбек еткен уақытта кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешуге, кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосты. Саналы ғұмырында КСРО жеңіл өнеркәсібінің екі авторлық куәлігі, Қазақ КСР-нің Құрмет грамотасымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған. Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атанған жан сондай-ақ, өңірде футболды дамытуға және өскелең ұрпақты белсенді спортпен шұғылдануға тартуды қолдауға үлес қосқан аптал азамат. «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері.
Нұрлыбек Нұрманұлы 1948 туылы 11 ақпанда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында жұмысшы отбасында туылған. 1971 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1972-1980 жылдары ауыл шаруашылығы басқармасында экономист, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша Англия, Германия мемлекеттерінде тәжірибе алмасудан өткен. ҚР Ауыл шаруашылығы ғылым академиясы «Яссауи» орталығының басшысы. Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы салалары бойынша сертификаттары бар сарапшы маман. Облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Агро-кеңес беру орталығының» жетекшісі. «Фермердің жол серігі» атты оқу-әдістемелік кітабының авторы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: