«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кеденнің көліктік режимін бұзғаны үшін 203 млн.тенге айппұл салынды

2024 жылғы 27 Тамыз
- Алматы қаласы
3511 просмотров

Дереккөз: gov.kz

Көліктік бақылау мәселелерін «Атамекеннің» алаңында ұйымдастырылған  «дөңгелек үстел» барысында Мемлекеттік кірістер комитеті және бизнес-қоғамдастық өкілдері талқылады.

Көлік тасымалы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін семинарды аша отырып, қолданыстағы заңнаманың нормаларын, ауыр салмақты көлік құралдары үшін қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібін МКК Кедендік бақылау департаменті өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Мұратбек Әлжанов түсіндірді. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында көліктік бақылау режимінің 5055 бұзушылығы анықталды. Айыппұл сомасы 203 млн. теңгеден асты. Тасымалдаушылар заңнаманы көбінесе «Нұр жолы», «Алакөл», «Б.Қонысбаев» кеден бекеттерінде бұзған.

Бүгінгі таңда барлық дерлік кеден бекеттері толығымен автоматтандырылған. Бұл адами факторды жоққа шығарады және сәйкесінше сыбайлас жемқорлықтың жолын бөгейді. Алайда, кәсіпкерлер атап өткендей, кей кезеңдерде кезекке тіркелу әбігерге салады. Бос орындар небәрі екі-ақ секундта жоғалып кетеді. Кейіннен айдың қажетті күніне 15-20 мың теңгеге кезекке тұруды ұсынатын кейбір «делдалдар» пайда болады. Ал мемлекеттік алым тек 1 АЕК құрайды.

МКК Кедендік бақылау департаментінің өткізу пункттерін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Мұратбек Әлжановтың пікірінше, бұл нағыз алаяқтық іс. Оларды анықтауға және заң бойынша жауапқа тартуда бар күшін салатынына сендірді.

Алматы қаласының  «Атамекен» ӨКП өкілі кәсіпкерлердің қалыпты жұмысына кедергі келтіретін бұзушылықтар туралы Палата жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық кеңеске уақтылы сигнал беруді ұсынды. Мысалы, өткен жылы және ағымдағы жылдың өткен 7 айында өңірлік палата 6 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

Осындай көшпелі семинарларды Мемлекеттік кірістер комитетінің әртүрлі департаменттері мен басқармаларының қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп тұрады. Бұл орын алған олқылықтарды анықтауға және оларды уақтылы жоюға көмектеседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер