«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудандарда көшпелі кездесулер басталды

2024 жылғы 02 Желтоқсан
- Түркістан облысы
455 просмотров

Бүгін қалалық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті. Жиынға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша директорының орынбасары Ербол Ауелбеков, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтары бойынша директорының орынбасары Зухра Амирова, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық және Арыс ауданы прокуратурасының прокуроры Қуаныш Анарбай, сонымен қатар Арыс қаласының кеңес мүшелері қатысты.

Жиында ашық дауыспен Арыс қаласының Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы болып Аппазов Әсетіллә Оспанұлы сайланды.

Кәсіпкерлер кеңесі мүшелері тарапынан бизнестің проблемалық мәселелері көтеріліп, талқыланып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталып, бекітілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер