Түркістанда кәсіпкерлерге экспорттық талаптар түсіндірілді
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлерге арналған «Экспорттық елдердегі техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестікті бағалау жүйелері» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты кәсіпкерлерге экспорттық нарықтардағы талаптарды түсіндіруге, олардың өнімдерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
Семинар барысында экспортқа өнім шығаратын кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелер талқыланды:
- Экспорттық елдердегі стандарттар мен техникалық реттеу жүйелері – экспортқа қойылатын техникалық талаптар мен стандарттар.
- Қазақстан нарығына өнімді шығару және сертификаттау тәртібі – отандық нарыққа шығу жолдары.
- Халал сапа инфрақұрылымы мен халықаралық тәжірибелер – мұсылман елдеріне экспорттың талаптары.
- Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйелері (ISO 22000) – өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өз өнімдерін шетел нарықтарына шығаруға ұмтылатын кәсіпкерлер үшін осындай ақпараттық қолдау – табысқа жетудің негізгі қадамдарының бірі. Семинар кәсіпкерлердің экспорттық әлеуетін арттыруға қажетті ақпарат пен тәжірибе алуға үлкен мүмкіндік берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: