«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бір ауыл – бір өнім»: Түркістанда жүн бұйымдарын өндіру бойынша оқыту басталды

2024 жылғы 08 Желтоқсан
- Түркістан облысы
521 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында оффлайн оқыту шарасының алғашқы күні өтті. Шараның тақырыбы — «Жүннен жасалған бұйымдарды өндіру».

Іс-шараға тоқыма өнері және жүннен жасалған бұйымдарды өндіру саласында танымал маман Айжан Беккулова қатысты. Ол қатысушыларға өзінің шеберлігі мен тәжірибесін ортаға салды.

Оқытуға 2023-2024 жылдардағы жоба финалистері қатысты. Олар жергілікті шикізатты тиімді пайдаланып, өнімдерді өндіру және нарыққа шығару жолдарын үйренді. Бұл шара ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға және жергілікті өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер