«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы тәлімгерлік семинарын ұйымдастырды

2024 жылғы 26 Желтоқсан
- Түркістан облысы
1099 просмотров

2024 жылдың 26-27 желтоқсан күндері Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы “Каз Элит Строй 2050” ЖШС қолдауымен, құрылтайшысы Сапарбек Еркігітов бастамасымен тәлімгерлік бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарды мультипликатор Ләззат Шонаева жүргізді. Бұл іс-шараға 28 ұйымның тәлімгерлері қатысып, кәсіпорындарда жаңа қызметкерлерді тиімді оқыту мен бейімдеу дағдыларын үйренді.

Оқыту барысында қатысушыларға жаңа қызметкерлерді оқыту және оларды кәсіпорынның жұмысына бейімдеу дағдыларын қалыптастыру бойынша маңызды ақпараттар ұсынылды. Осы бағдарлама аясында кәсіпорын қызметкерлері тәлімгерлік негіздеріне оқытылды, бұл олардың кәсіби дамуына ықпал ететін әрі компанияларда адами капиталды дамыту мен тәлімгерлік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Семинарға қатысқан ұйымдар қатарында Түркістан облысының ветеринариялық бақылау “ветеринариялық қызметі” МКК, “ЮТЕКС” АҚ, “Төлеубаева Г” ЖК (Гранд Береке), “Ксюша” кондитерлік үйі “Костенко”ЖК, “TAZA ENIM” ШҚ, “Қарасай батыр-2” ӨК және басқа да көптеген танымал кәсіпорындар болды.

Бұл бастама өңірдегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып, жаңа мамандарды даярлауды мақсат еткен. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы осындай оқытуларды жалғастырып, еңбек нарығында жоғары білікті мамандардың санын арттыруға күш салуда.

“Каз Элит Строй 2050” ЖШС басшысы Сапарбек Еркігітов бұл оқыту бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар кадрларды дайындаудың тиімді құралы болып табылады, бұл кейіннен студенттерге практикалық дағдыларды меңгеріп, жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Семинар нәтижесінде 48 тәлімгер сертификат алды. Бұл оқыту бағдарламасы кәсіпкерлердің өз қызметкерлерін дамытуға және еліміздің еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі болып табылады.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Тәлімгерлік мектебінде кәсіпорындар қызметкерлерін тәлімгерлікке оқыту ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының 2019 жылғы 25 қаңтардағы №16 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Мақсаты, оқыту бағдарламасы кәсіпорындардағы адами капиталды дамытуға және тәлімгерлік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Тәлімгерлерге кәсіпорындағы жаңа қызметкерлерді оқыту мен дамыту, олардың кәсіби бейімделуін жеделдету бойынша маңызды дағдылар беріледі.

Бұл бастама адами капиталды дамыту арқылы аймақ кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тәлімгерлік жүйесін нығайту арқылы еңбек нарығында сапалы мамандар даярлауды мақсат етеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер