«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Кәсіпкер әйел: Шабыт, Жетістік, Табыс»

2025 жылғы 11 Сәуір
- Қызылорда облысы
769 просмотров

9 сәуір күні «Анаға тағзым» орталығында «Кәсіпкер әйел: шабыт, табыс, өркендеу» атты форум өтті.

Форумға Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Respublica» партиясының мүшелері, «Анаға тағзым» орталығының өкілдері, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы Әйелдер кеңесінің мүшелері және өңірдегі түрлі іскерлік қауымдастықтардың әйел өкілдері қатысты.

Форум аясында табысты бизнес құрылымдарын басқаратын әйелдер ұйымдастырған бірқатар мастер-кластар өткізілді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымдары Наталья Мишукова мен Венера Дәулетбаева кәсіпкерлік жолындағы тәжірибелерімен, білімдерімен және табысқа жетуге көмектескен стратегияларымен бөлісті. Қатысушылар әйел-көшбасшылар кездесетін нақты жағдайлармен танысып, өз ісін дамытуға арналған практикалық кеңестер алды.

Спикерлер жеке тиімділік, мансап пен отбасы арасындағы тепе-теңдік, сондай-ақ бизнестегі менторлық пен қолдаудың маңыздылығы туралы сөз қозғады. Шабыттандыратын оқиғалар, кәсіби көзқарас пен ашық диалог бұл кездесуді пайдалы әрі мотивация беретін іс-шараға айналдырды.

«Бұл іс-шара тәжірибе алмасу, жаңа іскерлік байланыстар орнату және кәсіпкерлікке ұмтылатын барлық жандарға шабыт беру үшін тамаша алаң болды. Мұндай кездесулер жергілікті кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Бүгінгі ұсынылған нақты кейстер кәсіби біліктілікті арттыруға ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялардың бастамасына да серпін беретініне сенімдімін», – деді Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық.

Форум кәсіпкер әйелдердің ынтымақтастығын нығайтып, жаңа идеялар мен табысқа бастайтын жолдардың бастауы болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер