«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада Кәсіпкерлер палатасы мен «Ауыл» партиясы» арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2025 жылғы 14 Сәуір
- Астана қаласы
1052 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Палата басшысы Қанат Әлин мен «Ауыл» партиясы» өңірлік филиалының төрағасы Мейрамбай Ораловтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін, сондай-ақ елордадағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Қанат Әлин Палатаның қазіргі қызметі туралы айтып, өңірдегі кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға бағытталған негізгі жетістіктер мен бастамаларға тоқталды. Кездесуде бизнес пен саяси құрылымдардың күш-жігерін біріктіру арқылы кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді шешудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы мен «Ауыл» партиясы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде келісімге келінді. Мұндай кездесулер отандық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бизнес-қоғамдастық пен саяси күштердің арасындағы сындарлы диалогты нығайтуда маңызды рөл атқарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер