«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қолдау – конституциялық экономиканың негізі

2025 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
214 просмотров

Дереккөз: narxoz.edu.kz

2025 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласында Narxoz университетінің базасында «Шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау – Қазақстан Республикасындағы конституциялық экономиканың негізгі қағидаты» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Narxoz университетінің Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институты, Құқық және мемлекеттік басқару мектебі, Экономика және менеджмент мектебі, Цифрлық технологиялар мектебі және Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Чехия елдерінен келген жетекші сарапшыларды біріктірді. Негізгі тақырып – шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) құқықтық және институционалдық негіздерін нығайту арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі рөлі болды.

Спикерлер қатарында

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров пен

Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов болды.

Пленарлық мәжілістер аясында қатысушылар монополияға қарсы реттеу, бизнесті құқықтық қорғау кепілдіктері, әкімшілік әділет және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, жаңа ғылыми басылымдардың тұсаукесерлері мен ашық пікірталас өтті. Нәтижесінде шағын және орта бизнесті институционалдық қолдау мен заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер