«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кедендік тексерулер: мемлекет пен кәсіпкерлер үшін тиімділікті қалай сақтау керек

2025 жылғы 04 Маусым
2263 просмотров

KPMG Кавказ бен Орталық Азия компаниясы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кедендік тексерулер мен олардың нәтижелерін заңды түрде даулау тәртібі тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері де қатысты.

KPMG Қазақстан салық практикасының әріптесі Вячеслав Сосновский кедендік тексерулердің — сыртқы экономикаға қатысты (СЭҚ) кәсіпкерлердің қызметіне тікелей әсерін, оның мемлекеттік бақылаудың маңызды құралына айналғанын айтты.

Осыған байланысты тексерулерді жүргізу және олардың нәтижелерін даулау тәртібі мәселелерін мұқият және үнемі талдау қажет. Осы тұрғыда бизнес-қоғамдастық пен уәкілетті органдар арасындағы мазмұнды талқылар пен өзара іс-қимылдарды атап өткен жөн. Олар құқықтық прецеденттер тудыратын жағдайларды уақытылы анықтауға, құқық қолдану ретін жүйелеуге және құқықтық пен қаржылық тәуекелдерді азайтуға жол ашады.

«Атамекен» ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры – басқарушы директор Дина Мамашева Іс-шара модераторы болды. Ол кедендік тексерулер бақылаудың маңызды бөлігі екенін, және оны ретке келтірсе құжаттарды дайындау мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, тексерулерді жүргізу тәртібі, олардың нәтижелерін даулау, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлу мәселелері әлі күнге дейін өзекті.

Сондай-ақ Дина Мамашева Апелляциялық комиссия жұмысының ауыр мәселелерді шешуге және бизнеске тәуекелдерді болдырмауға көмектесетін айтты. Оның ақпараты бойынша, 2025 жылға дейін Қаржы министрлігі жанындағы комиссиямен жалпы сомасы 78 млрд теңгені құрайтын 491 өтініш қарастырылды.

Бұл деректер, аппеляция тәсілдің сұранысқа ие екенін және бизнес үшін ықтимал шығын көлемінің үлкендігін нақты көрсетеді.

Тақырыпты жалғастырған «Атамекен» ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаментінің бірінші санаттағы сарапшысы Төлеген Нұрбаев Апелляциялық комиссияға жүгіну тақырыбына қосылып, оны толықтырды. Ол кәсіпкерлер жиі жасайтын қателіктер, шағым беру талаптары және міндетті құжаттарды тапсыру ретін түсіндірді.

KPMG Қазақстан компаниясының менеджері Арман Әлиев Кедендік құжаттар мен мәліметтерді тексеру (КҚМТ) туралы айтты. Атап айтқанда, ол КҚМТ жүргізу кезінде кедендік бақылауға жататын нысандар, тексерілетін құжаттар, тексерудің ерекшеліктері және тауарлар шығарылғаннан кейінгі тексеру тәртібі туралы түсіндірді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Нұрлан Әубәкіров кедендік даулар бойынша істердің шешімдері 70–80% жағдайда бизнесті қолдайтынын айтты. Ол өз ұсынымдарын нақты мысалдармен толықтырды.

Семинар барысында қатысушылар тексерулердің мерзімдері, құжаттарды ресімдеу тәртібі және шағымдарды бағалау талаптары бойынша қосымша сұрақтар қойды.

Жалпы, қазіргі кедендік бақылау және шағымдану жүйесі кәсіпкерлердің өз құқықтарын қорғайтын құралдарды ұсына алады. Алайда оның тиімділігін арттыру үшін жүйенің ретін жетілдіру және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажет. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені жүйелі түрде жалғастыратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер