«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ABAI FASHION – 2025: Дәстүр мен дизайн үндестігі

2025 жылғы 09 Маусым
- Абай облысы
201 просмотров

Этнофестиваль Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні мен Жеңіл өнеркәсіп техникумының 80 жылдық мерейтойына орай өтті. Бұл шара – өңірдегі жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына серпін беріп қана қоймай, студент жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды.

   

Мерекелік жиынға ардагер ұстаздар мен колледж түлектері, өңірдегі бірқатар білім орындарының директорлары мен қызметкерлері, студенттер, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары және облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Р. Адамбаев қатысты.

Шара барысында ардагер ұстаздар мен техникум түлектері өткенге шолу жасап, білім ордасының қазіргі буын қызметкерлері мен студенттеріне жүрекжарды тілектерін арнады. Аталмыш жиынның жалғасы әрі қарай мерекелік концерт пен этностильдегі заманауи киім үлгілерінің көрсетілімі арқылы жаңа мазмұнға ие болды. Ұлттық нақыш пен қазіргі сән үрдістерін шебер ұштастыра білген сән әлемінің майталмандары мен студент-түлектер өз шығармашылық жұмыстары арқылы жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, көрме қорытындысы бойынша алғыс хаттар мен ақшалай жүлделерге ие болды.

   

Сондай-ақ жиын барысында сөз алған ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Р. Адамбаев бұл шараның білім және жеңіл өнеркәсіп саласына тигізер пайдасына тоқталып, аталмыш сала бойынша еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыстады. Бұл марапат – сала мамандарының еңбегін бағалау мен ынталандырудың жарқын көрінісі болды.

ABAI FASHION – 2025 фестивалі кәсіби білім беру мен отандық өндірісті дамыту жолындағы маңызды бастамалардың бірі болып, болашақ шеберлерге шабыт сыйлады. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, шеберлік жұмыстары бойынша өзара пікір алмастырды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер