«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәжірибе алмасу: кәсіпкер қыз-келіншектер жиһаз өндірісімен танысты

2025 жылғы 13 Маусым
- Қызылорда облысы
225 просмотров

Аймақта кәсіпке ынталы қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Бұл өзгеріске облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған салааралық «Әйелдер кәсіпкерлігі» кеңесінің ықпалы зор. Бүгінде кеңес аясында қаламызға белгілі «Сыр жиһазы» фабрикасының жұмысымен таныстыру мақсатында Ашық есік күні өтті. Шараға Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық, палата ұжымы және Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық  кеңесінің мүшелері қатысты.

«Сыр жиһазы» фабрикасы эксклюзивті жиһаздар өндіру ісінде көшбасшыға айналған кәсіпорын. Бүгінде мұнда жасалған тауарлар облыс аумағымен қатар, көршілес өңірлерге де шығарылып жатыр. Аталмыш цехта көнерген бұйымдарды қайта жаңғырту ісі де қолға алынған. Бір сөзбен, кәсіби мамандар тұтынушы талабын жан-жақты орындайды.

Фабрика директоры Жібек Қожахметова 20 жылға жуық осы жиһаз өндіру саласында еңбек етіп келеді, қазіргі таңда цехта 35-ке жуық қызметкер жұмыс істейді. Осы рете, Жібек Қожахметова жиналған қонақтарды  өндірістің ішкі процессімен таныстырып өтті. Фабрикаға экскурсия барысында түрлі кәсіпті тізгіндеген қыз-келіншектер өндіріс барысын жақыннан көріп, тиімді тұсын түртіп алуға мүмкіндік алды.

«Сыр жиһазы» фабрикасының ашылғанына 30 жыл болды. 30 жылдан бері бұл жерде көптеген мамандар жұмыс жасады. Солардың бірі өзім. 30 жасымда фабрикаға дизайнер болып келіп, бүгінгі таңда басқарушылық қызметке дейін жеттім. Сол себепті кәсібін жаңадан ашамын деп жүрген барша жанға айтарым, ештеңеден қорықпау керек. Әр саланың өз қиындығы бар, дегенмен, оны жеңіп шығуға болады. Бүгінгі кездесуге қатысқан кәсіпкер қыз-келіншектер менің өмірлік жолымнан жақсы мотивациия алды деп ойлаймын, әрі қарай да барлығының кәсібі алға басып, өсіп-өнуіне тілектеспін» деді Жібек Қожақметова.

Бағамдасақ бұл жәй ғана экскурсия емес. Өңірдегі кәсіпкер қыз-келіншектер бизнес барысын жақыннан тамашалай отырып, өзара тәжірибе алмасу алаңы. Дәл осындай форматтағы іскерлік жиын енді өңірдің шалғай елді мекендерінде ұйымдастырылып, кеңес аясын кеңейту көзделіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер