«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көкшетауда «Бір ауыл - бір өнім» көрмесі өтеді

2025 жылғы 27 Маусым
- Ақмола облысы
308 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына облыстың әр аймағының тұрғындарынан 50-ден астам өтінім келіп түсті.

Естеріңізге сала кетейік, «Бір ауыл - бір өнім» - өңірде бірегей өнім іздеуге, жергілікті тауарлар мен қызметтер өндірісін дамытуға, тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілерді біріктіруге бағытталған жоба. Бүгінде өңірлік кәсіпкерлер палатасына Көкшетау, Қосшы, Степногорск, Атбасар, Ерейментау, Бұланды, Бурабай Целиноград аудандарының тұрғындарынан 50-ден астам өтінім келіп түсті. Көрмеге қатысушылардың жобаларының ауқымы нан-тоқаш, ет-сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, тоқыма өнімдері және тағы басқаларды құрайды.

«Қазіргі уақытта біз көрмеге қатысу үшін қолайлы жағдай қалыптастыру үшін жұмысты жалғастырып жатырмыз. Өтінімдер 10 шілдеге дейін қабылданады. Жобаға шағын және орта бизнес субъектілері, кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар қатыса алады. Іріктеу қорытындысы бойынша, біз финалистерге жобаларды одан әрі сүйемелдеуді, ақпараттық-кеңес беруді қолдауды, оның ішінде өнімді ішкі және сыртқы сауда алаңдарына шығару бойынша қолдауды қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Көрме ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Көкшетау» қонақ үйі алаңында өтеді. Басталуы-сағат 10.00-де. Байқауғы қатытырылатын барлық жобаларды өңірлік кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне кіретін жұмыс тобы бағалайтын болады. Көрме қорытындысы бойынша алдағы кезеңдерге қатысу үшін он жоба іріктеледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер