«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Инвесторлардың құқықтарын қорғау басты назарда

2025 жылғы 31 Шілде
1351 просмотров

Осы жылдың 30 шілдесінде Бас прокуратура алаңында инвесторлардың құқықтарын қорғаудың және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жүйелік кедергілерді жоюдың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараға Бас прокуратураның, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazakh Invest» ҰК АҚ, «QazInnovation» инновацияларды дамыту Ұлттық агенттігінің өкілдері, сондай-ақ, экономиканың түрлі секторларында жобаларды іске асыратын бизнес пен халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.

Басқосуға қатысушылар инвесторлардың негізгі проблемалары болып саналатын ұзаққа созылған әкімшілік рәсімдер, әсіресе жер саласындағы, заңнаманы түсіндірудегі сәйкессіздіктер, әкімдіктермен коммуникацияның әлсіздігі, жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ, инвестицияларды қолдауға бағытталған мемлекеттік қызметшілер үшін KPI енгізу қажеттілігі жайын талқылады.

Әсіресе инвесторларды қорғауға жүйелі көзқарастың қажеттілігіне, прокуратураның үйлестіруші рөлін күшейтуге, құқықтық және реттеуші кедергілерге жылдам жауап беру тетіктерін институционализациялауға ерекше назар аударылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы инвестициялық ахуалды нығайту және адал инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тұрақты форматын құру жөніндегі бастаманы қолдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер