«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау тетіктері таныстырылды

2025 жылғы 08 Тамыз
- Түркістан облысы
587 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында өткен семинарда Түркістан облысы бойынша «Даму» қоры» АҚ және Forte Bank АҚ өкілдері шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін таныстырды.

Іс-шара барысында Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» микро-, шағын және орта бизнеске арналған жаңа «Өрлеу» және Forte Business жеңілдетілген несиелендіру бағдарламаларының шарттары мен артықшылықтарын жан-жақты түсіндірді.

Бағдарламалар кәсіпкерлерге қолжетімді пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыруға, айналым қаражатын толықтыруға, инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, несие алу процесін жеңілдететін кепілдендіру және субсидиялау құралдары қарастырылған.

Семинар соңында қатысушылар ұсынылған бағдарламалардың өзектілігін атап өтіп, қазіргі таңда бизнесті дамыту үшін қолжетімді пайыздық мөлшерлемемен жаңа несиелік желілер ашудың маңыздылығын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174