«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тамыз конференциясы өтті

2025 жылғы 18 Тамыз
- Түркістан облысы
841 просмотров

Дәстүрлі тамыз конференциясы Түркістан қаласында өтті. Аймақтық іс-шараға өңірдегі 500-ден астам балабақша құрылтайшылары қатысты.

Жиын барысында Түркістан облыстық білім басқармасының өкілдері алдағы жылдарға арналған жоспарларымен бөлісіп, мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарын ұйымдастырудың ережелері жөнінде кеңінен баяндады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бақытжан Құралбаев конференция аясында балабақша құрылтайшыларына алғыс хат табыстап, жылы лебізін білдірді:


«Құрметті әріптестер! Еліміздің болашағы – ұлы ұрпақты тәрбиелеу, ең алдымен, сіздердің қолдарыңызда. Балабақша – баланың алғашқы алтын баспалдағы, ал сіздер – мейірім мен жауапкершіліктің үлгісісіздер.  Жекеменшік балабақшалардың орны ерекше, сіздер балаларға сапалы тәрбие мен білім беріп келесіздер.  Жаңа оқу жылында сәттілік пен шығармашылық шабыт тілеймін!» – деді ол.

Бұл іс-шара мектепке дейінгі білімнің маңыздылығын айқындап қана қоймай, сала мамандарына кәсіби тәжірибе алмасуға да мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174