«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда қытайлық компаниямен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

2025 жылғы 25 Тамыз
- Түркістан облысы
846 просмотров

Бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында Sichuan Xinhengtai Technology Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге компания тарапынан:
    •    Mao Xiaopeng – Бас директор,
    •    He De – Директордың орынбасары,
    •    Jiang Changyong – Қаржы директоры,
сондай-ақ Қырғыз өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының атқарушы вице-президенті Сагынбаев Улукбек қатысты.

Кездесу барысында компанияның Түркістан облысының мақта саласына ірі көлемде инвестиция салу жоспары таныстырылды.

Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелеріне назар аударды.

Бұл бастама Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешеніне жаңа серпін беріп, шетелдік инвестицияларды тартуға оң ықпал ететіні күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174