«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Металл бұйымдары, отын, мұнай өнімдері, қазандар – қандай тауарларға Павлодар облыстық «Атамекен» палатасы сертификаттар берді

2025 жылғы 28 Тамыз
- Павлодар облысы
4037 просмотров

2025 жылдың 1 тамызына дейінгі мәліметке сәйкес, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне өздері өндірген тауарларға 2389 экспорттық шығу тегі сертификатын, сондай-ақ 326 «СТ-KZ» сертификатын және 19 индустриялық сертификат берді.

Жыл басынан бері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының тауардың шығу тегін сертификаттау жөніндегі мамандары өңір кәсіпкерлеріне өз өнімдерін 37 мемлекетке экспорттау үшін сертификаттар рәсімдеді. Жалпы, жыл басынан бері палатаға сертификаттау қызметтерін алу үшін 282 бизнес өкілі жүгінген.

"Экспорттық сертификаттар – біз 2389 құжатты рәсімдедік – қаңтардан 1 тамызға дейін кәсіпкерлер өз өнімдерін ЕАЭО елдеріне, Еуропалық одаққа, Азияға, Солтүстік және Оңтүстік Америкаға өткізу үшін алды. Мұндай құжаттардың басым бөлігі ТМД елдерінің ішінде Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға келісімшарттық жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін рәсімделді, ал алыс шетел мемлекеттерінің ішінде – Қытай, Польша және Түркияға", – деді Павлодар облыстық «Атамекен» палатасының директоры Ерқанат Абенов.

326 сертификат «СТ-KZ» нысанына жатады. Олар палата тарапынан сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 35 тауарлық тобына берілген. Бұл санатта ең көп құжат қара металл бұйымдарына, минералдық отын мен мұнай айдау өнімдеріне, қазандарға, жабдықтарға және олардың бөлшектеріне рәсімделген.

"Бұдан бөлек, биылғы жылдың алғашқы жеті айында Павлодар облысы бизнесі «Атамекен» палатасынан 19 жаңа индустриялық сертификат алды, сондай-ақ бұрын берілген жеңіл, жиһаз, химия, тамақ өнеркәсібі өнімдеріне, сонымен қатар машина жасау мен металл өңдеу өнімдеріне қатысты 47 сертификат өзектендірілді", – деп қосты Ерқанат Абенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174