«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Іскерлік байланыстар»: 300-ден астам кәсіпкер халықаралық тәжірибе игерді

2025 жылғы 25 Қыркүйек
560 просмотров

Астанада «Іскерлік байланыстар» және Partnering in Business with Germany бағдарламалары аясында кооперациялық жобалардың қорытындысына арналған Кеңейтілген конференция өтті. Бағдарлама операторлары – ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ).

Іс-шараға бағдарлама түлектері, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, Германия Федералдық экономика және энергетика министрлігінің V департаментінің жетекшісі Ральф Бёме, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен GIZ өкілдері қатысты.

«Іскерлік байланыстар» құралы және Partnering in Business with Germany бағдарламасы кәсіпкерлік біліктіліктерді дамыту мен халықаралық байланыстарды орнатудың тиімді механизмдері ретінде жақсы танылып келеді. Бағдарламаға қатысу қазақстандық кәсіпкерлерге озық бизнес-тәжірибені меңгеруге, іскерлік байланыстар ауқымын кеңейтуге, жаңа нарықтарға шығуға және неміс компанияларымен тұрақты серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде Қазақстанның 300-ден астам кәсіпкері түлек атанып, өз компанияларына заманауи басқарушылық тәжірибелерді енгізу мүмкіндігіне ие болды.

Конференция барысында бірлескен жобаларды іске асырудың қорытындылары шығарылып, бағдарлама түлектерінің қазақстандық бизнестің дамуына және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына қосқан үлесі атап өтілді.

Іс-шараның маңызды бөлігі бағдарламаны іске асыру жөніндегі үкіметаралық келісімді ұзарту болды. Оның қолдану мерзімі 2028 жылдың соңына дейін ұлғайтылды. Бұл шешім кәсіпкерлікті қолдау және халықаралық үздік тәжірибелерді енгізу саласында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын тағы да айқындай түсті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174