«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» палатасы – білім мен бизнесті жалғайтын маңызды көпір

2025 жылғы 29 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
815 просмотров

Орал қаласында алғашқы облыстық Профориентаторлар форумы өтті. Шараға болашақ мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп жүрген 200-ден астам педагог қатысты. Форумды Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің негізгі бағыттарының бірі — кәсіби бағдар беру жұмысы болып табылады. ТжКБ ұйымдары және бизнес субъектілерімен тығыз байланыста бола отырып, «Атамекен» өңірлік палатасы өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын таңдауда көмек көрсетуге бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықтың орнауына ықпал етті.

2021 жылдан бастап Адами капиталды дамыту бөлімі кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіби бағдар беруші педагогтарды жыл сайын жинап келеді. Бұл кездесулер барысында тәжірибе алмасу жүзеге асырылады, мұғалімдер заманауи әдістемелерді практикада қолдану нәтижелерімен бөліседі.

Айта кетейік, оқушыларға арналған кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру жұмыстары 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде облыстағы 130 кәсіпкерлік нысанында 600-ден астам сапар ұйымдастырылып, 9000-нан астам мектеп оқушысы қамтылды.

Ағымдағы жылға 1350 жасөспірім мен кәмелетке толмағандарды қамти отырып, 90 экскурсия өткізу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 65 экскурсия өткізіліп, оларға 975 мектеп оқушысы қатысты.

Жыл сайын мектеп оқушыларына арналған экскурсияларды қабылдап жүрген кәсіпорын басшылары «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  алғыс хаттарымен марапатталды. Атап айтқанда, бұл кәсіпорындар қатарында: «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы», «Орал кеме жөндеу зауыты», Орал «Зенит» зауыты, «Аққайнар» нан өнімдері комбинаты, «Орал трансформатор зауыты», «КВАНТ» және «Априори» жиһаз фабрикалары, «ОралАгроРемМаш» зауыты, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы», «Родник» фирмасы, «Стекло-Сервис» ЖШС, «Желаев Нан» .

Кәсіпкерлерге кәсіби бағдар жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттарды табыстай отырып, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев бизнес өкілдерінің қолдауының арқасында мектеп оқушыларының өндірістік процесті өз көздерімен көруге, түрлі саладағы кәсіпорындардың жұмысымен танысуға бірегей мүмкіндік алып отырғанын атап өтті.

Форум аясында «Өндірістегі үздік тәлімгер» номинациясы бойынша марапаттау рәсімі де өтті. Дипломдар келесі тәлімгерлерге табысталды: Марина Майманова – «Самал» қонақүй кешенінің директоры, «Ак Салам Групп» ЖШС-нің өкілі, Ақсай техникалық колледжінің әлеуметтік серіктесі; Надира Мерғалиева – «NBA Telecom» ЖШС-нің атқарушы директоры, Республикалық жоғары техникалық колледжінің әлеуметтік серіктесі; Жұлдыз Хуспанова – «Мария ханым» сән үйінің иесі, «Зерде» зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат-колледжімен әлеуметтік серіктес.

Тәлімгерлер өндірісте ұрпақ сабақтастығын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, олардың рөлі тек жас мамандарды қалыптастыруда ғана емес, сонымен қатар еңбек мамандықтарын насихаттауда да зор екенін талқылады. Себебі, тәжірибелі қызметкерлер жас экскурсия қатысушыларын өндірістік процеспен таныстырады, кәсіпорынның даму тарихын, еңбек ұжымдарының жетістіктерін баяндайды.

Профориентация форумының құрметті қонақтары ретінде өңіріміздің танымал ғылым және білім қайраткерлері қатысты — Айтимов Аксерік (педагог, ғалым, профессор, қоғамдық қайраткер, «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі», Ұлттық инженерлік академияның академигі, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің президенті); Шалқыма Құрманаллина (қоғамдық қайраткер, педагогика ардагері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері); Светлана Бисембаева (қоғамдық қайраткер, педагогика ардагері, Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі).

Профориентаторлар мен наставниктерге арнап арнаулы сөз сөйлегенде, олар жасөспірімдермен дұрыс жүргізілген профориентациялық жұмыс, жігіттер мен қыздардың санасында еңбегі бар адамға құрмет қалыптастыратынын, әр мамандықтың маңызды екенін және қоғам игілігіне қызмет ететінін түсінетінін атап өтті.

Профориентаторлар форумының салтанатты рәсімі аяқталғаннан кейін ТжКБ оқу орындарының жетістіктері көрмесі ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсім аяқталған соң мектеп профориентаторлары балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Айта кетер жайт, осы салада табысқа жету үшін әрдайым ізденісте болу керек, сондықтан профориентаторларға құралдар мен әдістерді өздері іздеуге тура келеді.

Атап айтқанда, №23 мектептің профориентаторы Александрa Мостовщикова метафоралық ассоциативтік карталармен жұмыс істеу дағдыларымен бөлісті. Бұл карталар арқылы баланың белгілі бір қызмет түріне деген қызығушылығы анықталады.

«Мен тек қана балалармен емес, олардың ата-аналарымен де жұмыс істеймін, және көбінесе ана-аналар баласына белгілі бір мамандықты таңдатуға тырысатын жағдайларға тап боламын. Олар баланың қызығушылықтары мен мінез ерекшеліктерін ескермейді.

Мен мұндай аналарды нәзік түрде өз пікірін қайта қарауға және балаға мамандық таңдауында өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беруге тырысамын. Ата-аналарды ассоциативтік карталар әдісімен таныстырамын және ересектер бұл тәсілді мақұлдайды», — деді А. Мостовщикова.

Бұл педагог – кәсіби психолог, сондықтан ол өз әріптесі – профориентаторлар үшін мастер класс өткізуге ұсынылғандардың бірі.

Александра Алексеевна профориентаторлар форумын өткізу маңыздылығын атап өтті, өйткені олардың жұмысында тәжірибе алмасу өте құнды болып табылады.

Ол «Атамекен» өңірлік палатасы мектептер мен облыс кәсіпорындары арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытудағы рөліне алғыс айтып, ата-аналардың өзі де балаларды өндірістік нысандарға апарғаны үшін профориентаторларға ризашылық білдіретінін атап өтті.

Мостовщикованың айтуынша, колледжге түскен көптеген балалардың ата-аналары кәсіпорындарға барып көргеннен кейін ғана мамандық таңдағанын атап өтеді.

Профориентаторлар форумының аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жетістіктерінің көрмесі өткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174