«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің финалистері анықталды

2025 жылғы 01 Қазан
- Түркістан облысы
160 просмотров

Түркістан облысында өткен «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқауының қорытындысы бойынша финалға жолдама алған кәсіпкерлер белгілі болды.

Финалистердің қатарында:
    •    Сұлтанбекұлы Бақтияр – «Eliko snacks» ЖШС (Отырар ауданы). Компания жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінен жасалған тағамдарды сублимациялық әдіспен кептіреді. Тапсырыс бойынша жемістер, көкөністер, балмұздақ пен ет өнімдерін шығарады.
    •    Нұрлыбек Серік Нұрлыбекұлы – «Жк Серік» (Отырар ауданы). Негізгі өнімі – дәстүрлі нар талқан.
    •    Ибраев Бақыт Рысбайұлы – «ЖК Бахыт» (Кентау қаласы). Кәсіпкердің өнімі – жоғары сапалы шұжық өнімдері.

Финалистер енді Бренд комитетінің шешімімен іріктелетін үш үздік жоба қатарына енуге мүмкіндік алады. Олар 5 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП тарапынан кәсіпкерлерге өнімді ілгерілету мен бренд қалыптастыруда қолдау көрсетіледі.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев:
«Бұл жоба ауыл кәсіпкерлеріне үлкен мүмкіндік беріп отыр. Біріншіден, жергілікті шикізатқа негізделген өнімдерді нарыққа шығаруға жол ашылады. Екіншіден, кәсіпкерлер өз брендін қалыптастырып, сапасы жоғары әрі отандық өнімдерді ұсыну арқылы ел экономикасына үлес қосады. Біз финалистерге сәттілік тілейміз және оларды қолдауға дайынбыз».

Бұл жобаның басты мақсаты – ауылдық жерлерде өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық брендтерді қалыптастыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174