«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

11 қазанға дейін Қарағанды облысының кәсіпкерлері Салық кодексіне ықпал ете алады

2025 жылғы 03 Қазан
- Қарағанды облысы
196 просмотров

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер клубы аясында арнайы салық режимдері бойынша қызмет түрлерінің тізбесіне және Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерге арналған онлайн-семинар өтті.

Кездесудің модераторы – Владимир Анатольевич Быков, Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының басшысы, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының ШОБ және сауда комитетінің төрағасы.

«Бүгінде бизнес үшін ең өзекті мәселе – арнайы салық режимдеріне көшу. 11 қазанға дейін біз өз ұсыныстарымызды орталық аппаратқа жолдауымыз керек. Қорытынды тізімді қалыптастыру кезінде кәсіпкерлердпікірінің қаншалықты ескерілетіні олардың белсенділігіне тікелей байланысты», – деп атап өтті Владимир Быков.

Негізгі спикер – Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Зауреш Жойкимбекова.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі нөлдік деңгейдеболады. Олар тек әлеуметтік төлемдерді – зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлейді. Тыйым салынған тізімде 795 қызмет түрі бар, рұқсат етілген тізімде – 46, негізінен тұрмыстық қызметтер», – деп түсіндірді Зауреш Жойкимбекова.

Кездесу барысында қатысушылар бірқатар саланың – стоматология, шағын наубайханалар, аударма қызметтері және т.б.тізімге енбей қалғанына алаңдаушылық білдірді.

«Шағын бизнес тиімсіз жағдайға түсуі мүмкін. Әділдікті сақтау үшін тізімді кеңейтуді ұсынамыз», – деп атап өтті кәсіпкерлер.

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды мобильді қосымша арқылы тіркеу, мәртебені растау тәртібі, B2B есеп айырысу мүмкіндігі және оңайлатылған декларацияны қолдану мәселелері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықты талқылауға белсенді қатысуға шақырды. Барлық ұсыныстар мен негіздемелерді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасыныңkaraganda@atameken.kz электронды поштасына 2025 жылғы 11 қазанға дейін жолдау қажет.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174