«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шахмұрат Мүтәліп «Атамекен» ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің жаңа төрағасы болды

2025 жылғы 20 Қазан
486 просмотров

ҰКП «Атамекен» Төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің отырысында жаңа төраға сайланды. Дауыс беру нәтижесінде комитет мүшелерінің барлығы бір ауыздан Шахмұрат Мүтәліптің кандидатурасын қолдады.

Шахмұрат Мүтәліптің құрылыс, экономика және басқару саласында тәжірибесі мол. Ол әр жылдары жетекші құрылыс компанияларында басқарушылық қызметтер атқарған, соның ішінде «Integra Construction KZ» ЖШС-ның бас директоры, қадағалау кеңесінің төрағасы және бенефициары лауазымдарын атқарған. 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан бокс федерациясын да басқарады.

Отырыс барысында жаңа Төраға өз бағдарламасын таныстыра отырып, құрылыс саласы кәсіпкерлерінің мүддесін сенімді қорғауға бағытталған ашық, тұрақты және әділ бизнес ортаны қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, ол 2020 жылдан бері қызметін табысты түрде диверсификациялаған және нарықтағы жетекші компаниялардың қатарына кірген Integra Construction KZ компаниясының негізгі жетістіктеріне тоқталды. Бүгінде компания теміржол және автомобиль жолдарын, өндірістік және гидротехникалық нысандарды, тұрғын үй және азаматтық ғимараттарды, сондай-ақ инженерлік желілер мен құрылыстарды салу жобаларын жүзеге асыруда.

Комитет мүшелері жаңадан сайланған Төрағаны құттықтап, оның басшылығымен Комитет бизнес мүддесін тиімді қорғауды жалғастырып, саланың стратегиялық мәселелерін шешуге үлкен үлес қосады деген сенімдерін білдірді.

Жиынға қатысушылар қазір Мәжілісте қаралып жатқан Құрылыс кодексі жобасы бойынша белсенді жұмысты жалғастыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Бұл құжат Комитет қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде белгіленіп, кәсіби қауымдастықтың біріккен күш-жігерін талап етеді.

Сондай-ақ, Комитет мүшелері бұрынғы төраға Ирина Манжановаға Комитет аясындағы жұмысы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Ирина Манжанова Комитет төрағасының орбасары болып сайланды.

Оның басшылығымен Комитет құрылыс саласындағы субъектілердің құқығы мен мүддесін қорғауда маңызды жетістіктерге қол жеткізді, соның ішінде салалық заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы жақсарту және т.б.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әріптестерін жаңа қызметімен құттықтап, оларға құрылыс саласын дамыту жолында жетістік, күш-жігер мен табысты жұмыс тілейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174