«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» және TikTok Серік Жұманғаринге цифрлық платформалардың Қазақстан бизнесіне әсері туралы зерттеу ұсынды

2025 жылғы 31 Қазан
608 просмотров

Премьер-министрдің орынбасары –  Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Атамекен» ҰКП ТөралқаТөрағасы Райымбек Баталовпен және Ресей, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Моңғолиядағы TikTok компаниясының билік органдарымен байланыс және корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры Сергей Соколовпен кездесу өткізді.

Кездесуде «Атамекен» және TikTok цифрлық платформалардың Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға әсері туралы бірлескен зерттеу нәтижелерін ұсынды. Сауалнамаға еліміздің 20 өңірінен 300-ден астам микро және шағын бизнес өкілдері қатысты. Қазақстан TikTok осындай ауқымды талдау жобасын өткізген өңірдегі алғашқы елдердің бірі болды. Бұрын мұндай зерттеулер АҚШ, Ұлыбритания, Мексика және Сауд Арабиясында жүргізілген.

Жиын барысында Райымбек Баталов TikTok-пен серіктестік айтарлықтай нәтиже бергенін атап өтті.

«Әр апта сайын мазмұнды жариялайтын компаниялар арасында әрбір сегізден бір бөлігі дәл осы платформадан түсімнің жартысынан көбін алады. Жалпы, компаниялардың 63% жылдық табысының кем дегенде 5% TikTok-пен тікелей байланысты екенін айтады», - деді Райымбек Баталов.

Ол ШОБ - ты цифрландыру Палата жұмысының стратегиялық бағыты болып қала беретінін мәлімдеді.

«Шағын бизнесімізге заманауи цифрлық құралдарды тарту – басым міндеттердің бірі. Үкіметпен бірге біз мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке қолдау сервистерінің толық мәзірін қалыптастырамыз. Оларды біртұтас экожүйеге біріктіру және ең ірі халықаралық платформалардың, соның ішінде TikTok-тың тәжірибесін пайдалану маңызды», - деп жеткізді «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы.

Ынтымақтастықтың сәтті мысалдарының бірі «Бір ауыл - бір өнім» жобасы. Оның шеңберінде кәсіпкерлер TikTok құралдарының көмегімен өнімді ілгерілету бойынша оқытудан өтті. Бағдарлама айтарлықтай нәтиже көрсетіп, бизнес сатылымның өсуін және брендтерді тануды атап өтті.

«Атамекен» және TikTok «Даму» қорымен бірлесіп, кәсіпкерлер заманауи цифрлық құралдарды игеруі үшін оқытуды ауқымды етуді жоспарлауда. Келесі кезең – бұл TikTok Shop бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту және отандық төлем жүйелерімен интеграциялау. Бұл онлайн-сатуды кеңейтуге және бизнестің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сергей Соколов Қазақстан аймақтың ең жылдам дамып келе жатқан нарықтарының бірі екенін атап өтті.

«TikTok - тың әлеуеті орасан. Біз бизнесті цифрландыруды жаңа деңгейге көтеру үшін «Атамекенмен» және мемлекеттік органдармен әрі қарай жұмыс істеуге дайынбыз», - деді ол.

Тараптар цифрлық қауіпсіздік, медиа сауаттылық және онлайн-ортаның тұрақты дамуы мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл бағыттар TikTok, «Атамекен» және уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен бастамаларының бөлігі болады.

Серік Жұманғарин бұл зерттеулер мен бастамалардың маңыздылығын жеткізіп, Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлік блогының Қазақстан бизнесін цифрлық дамыту мүддесінде оларды іске асыруға жәрдемдесуге дайындығын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174