«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сарандық QAZTEHNA зауытының тәлімгерлері оқудан өтті

2025 жылғы 06 Қараша
- Қарағанды облысы
345 просмотров

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «QAZTEHNA» ЖШС корпоративтік университеті базасында екі күндік «Тәлімгерлік мектебі» бағдарламасы бойынша оқыту өткізілді.

Оқытуға кәсіпорынның 28 қызметкері қатысып, аттестациядан сәтті өтіп, тәлімгер мәртебесін растайтын сертификаттарға ие болды.

Лектор ретінде адам капиталы мен дуальды оқыту саласының сарапшысы, арнайы сертификаты бар тренер-мультипликатор Қарлығаш Оспанова сөз сөйледі.

«Тәлімгер — бұл өндірістегі кәсіби мәдениетті қалыптастыратын, жас мамандардың бейімделуіне және әлеуетін ашуға көмектесетін тұлға. «Тәлімгерлік мектебі»бағдарламасы осындай құзыреттерді дамытуға және жұмыс орнында кадрларды даярлаудың тұрақты жүйесін құруға бағытталған», — деді Қарлығаш Оспанова.

Семинар барысында қатысушылар өндірістегі оқыту үдерісінің педагогикалық және әдістемелік негіздерін, дуальды білім беру үлгілерін, жеке оқыту жоспарларын әзірлеу және жас кадрлармен өзара әрекеттесудің психологиялық аспектілерін меңгерді.

«Тәлімгерлік мектебі» бағдарламасы Қарағанды облысында 2021 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде машина жасау, металлургия, қызмет көрсету және энергетика салаларын қамтитын әртүрлі бағыттар бойынша 425 тәлімгер даярланды.

Қатысушылардың айтуынша, алынған білім мен тәжірибе жас қызметкерлермен тиімді жұмыс орнатуға және бейімделу үдерісін барынша нәтижелі етуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174