«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер мен тұтынушыларға арналған семинар

2025 жылғы 15 Қараша
- Ұлытау облысы
126 просмотров

Жезқазғанда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы Меруерт Улкееваның қатысуымен кәсіпкерлерге арналған семинар өтті.

Семинар жұмысына жергілікті кәсіпкерлер, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының заң мәселелері және бизнесті қорғау жөніндегі директорының орынбасары Ғалымжан Сүтбаев, сондай-ақ облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшылығы мен сарапшылары қатысты.

Семинар қатысушылары кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекеттестікке қатысты сұрақтарын қойды. Шара барысында кәсіпкерлердің құқықтары мен тұтынушылардың мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушыларға заң аясында жұмыс істеудің негізгі ерекшеліктері мен нюанстары баяндалды.

– Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының маңызды бағыттарының бірі. Екі тарап – кәсіпкерлер мен тұтынушылардың заң аясында әрекет етіп, қолданыстағы заңнаманы сақтауына ерекше мән беру қажет, – деп атап өтті Ғалымжан Сүтбаев.

Іс шара соңында семинар қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174