«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтай ауданында арнайы салық режимінің мөлшерлемесі төмендетілді: шағын бизнеске маңызды қолдау

2025 жылғы 25 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
145 просмотров

Бүгін Алтай ауданында мәслихат сессиясы өтіп, онда депутаттар мен әкімдік ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бастамасын қолдап, арнайы салық режимінің (АСР) жеңілдетілген декларация негізіндегі мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға төмендету туралы маңызды шешім қабылдады.

Бұл шешім 2026 жылдан бастап кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайтып, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Кәсіпкерлер палатасы бұл бастаманы қолдағаны үшін мәслихат депутаттарына және аудан әкімдігіне алғыс білдіреді. АСР мөлшерлемесінің төмендеуі шағын бизнестің тұрақты жұмыс істеуіне, жобаларын кеңейтуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік береді.

Енгізілген норма ең алдымен Алтай ауданы үшін басым бағыттағы бизнес салаларын қолдауға, олардың дамуына және нығаюына бағытталған.

Алтай аудандық филиалының директоры Жанара Садыкова қабылданған шешім – бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік органдар арасындағы конструктивті диалогтың маңызды нәтижесі екенін атап өтті.

«АСР мөлшерлемесінің төмендеуі – шағын бизнес үшін зор қолдау. Бәсекелестік артып, экономикалық қиындықтар күшейген кезеңде бұл шара кәсіпкерлерге өздерін сенімді сезінуге, бизнесін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Оның айтуынша, АСР мөлшерлемесін төмендету тек қаржылық жүктемені азайтып қана қоймай, бизнесті «таза» жұмыс істеуге ынталандырады, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыруға және олардың инвестициялық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174