«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қалалар мен аудандар мәслихаттары Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасын қолдады

2025 жылғы 28 Қараша
- Ұлытау облысы
192 просмотров

 

Ұлытау облысында өткен кезекті XXXVI қалалық мәслихат сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.
 

Сессия жұмысына қала әкімі Қайрат Шайжанов, мәслихат депутаттары, қалалық бөлімдердің басшылары, сондай-ақ Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ерлан Исмағанбетов және Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер және бизнес қорғау жөніндегі орынбасары Ғалымжан Сүтбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – арнайы салық режимі (АСР) бойынша салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін төмендету болды.

 Сессияға қатысушылардың пікірінше, салық мөлшерлемесінің төмендеуі өңір кәсіпкерлері үшін елеулі қолдау болып табылады. Бұл шара бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастырып, өндірісті кеңейтуге, шағын және орта кәсіпкерлікті нығайтуға, сондай-ақ Жезқазған мен жалпы Ұлытау облысының экономикалық белсенділігін арттыруға оң әсер етеді деп күтілуде.

 Кәсіпкерлер босатылған қаражатты қызмет аясын кеңейтуге, жабдықтарды жаңғыртуға, еңбекақыны арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттай алады. Экономикалық тұрақсыздық кезеңінде мұндай қолдау микро, шағын және орта бизнес үшін айрықша маңызды, өйткені ол компаниялардың жұмысын жалғастыруына және жабылып қалмауына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, мөлшерлеменің төмендеуі кәсіпкерлік қызметтің кең спектрі үшін қаржылық жүктемені азайтады.

Сессия қорытындысында депутаттар қабылданған шешімдердің қаланың дамуына және кәсіпкерлердің жұмыс істеу жағдайын жақсартуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

 Айта кетейік, Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасын өңірдегі барлық қала және аудан мәслихаттары қолдады. Атап айтқанда, Сәтбаев, Қаражал, Жаңаарқа ауданы және Ұлытау облысының басқа да өңірлерінде өткен сессияларда АСР мөлшерлемесін 3%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174