«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе қаласында жаңа мектептік тамақтану стандартының енгізілуі қиындықтармен өтіп жатыр: өңірлік бизнес өкілдері жүйедегі бірқатар мәселелер туралы хабарлады

2025 жылғы 02 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
309 просмотров

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің отырысында «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығының» вице-президенті Марина Лаптева мектептік тамақтану мәзірін және оның құнын бекітудегі күрделі кідірістер, «Алакан» жүйесінің жиі істен шығуы және бірқатар мектептердің нормативтерді сақтамауы туралы айтты. Кеңес аталған проблемалардың жүйелі сипатқа ие екенін мойындап, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Стандартты уақытылы енгізу үшін шұғыл шаралар қабылдауды ұсынды.

«Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығы» РҚ бірлестігінің вице-президенті Марина Лаптева Актөбе облысы кәсіпкерлер палатасында өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі отырысында жаңа Тамақтану стандартының енгізілуіне қатысты негізгі мәселелерді атап өтті. Құжаттың 2025 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енетініне қарамастан, өңірде жас ерекшеліктері бойынша мектептік тамақтанудың құны әлі күнге дейін бекітілмеген: 1–4 сыныптар үшін – 678,5 тг, 5–9 сыныптар үшін – 760,99 тг, 10–11 сыныптар үшін – 800 тг. Оларды бекітетін бұйрық жоқ, сондықтан мектептер әлі күнге дейін бірыңғай құнды қолдануда, бұл Үкіметтің № 320 Қаулысының талаптарын бұзады.

Марина Лаптева атап өткендей, бекітілген құнның болмауы бюджеттеу процесін, өнімдер сатып алуды қиындатады және Стандартты уақытылы енгізуге кедергі келтіруі мүмкін. Бизнес сондай-ақ «Алакан» жүйесінің техникалық іркілістеріне, интернеттің қолжетімсіздігіне, ата-аналардың деректерді тіркеуден бас тартуына және бірқатар мектептердің журналдар мен тізімдерді елемей, тек жүйедегі деректерді талап етуіне тап болып отыр. Бұл нақты берілген порциялар санын төмендетіп көрсетуге, актілерді рәсімдеуге кедергі келтіреді және Азаматтық кодекс талаптарына қайшы.

Сонымен қатар, Марина Лаптева кәсіпкерлерге оқушыларды есепке алу сияқты тән емес функциялардың жүктелуі де маңызды проблема екенін атап өтті, ал кей мектептер күн сайынғы тізімдерді ұсыну талабын орындамайды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі аталған бұзушылықтарды жүйелі деп танып, тамақтану құнын жедел бекітуді, есепке алу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, мектептердің нормативтік талаптарды сақтауын және бизнеске көрсетілетін қысымды жоюды қамтитын ұсынымдары бар резолюция қабылдады.

Осыған сәйкес, Актөбе облысының Білім басқармасына жас ерекшеліктері бойынша тамақтану рационының құнын жедел бекіту ұсынылды:
– 1–4 сыныптар үшін – 678,5 тг,
– 5–9 сыныптар үшін – 760,99 тг,
– 10–11 сыныптар үшін – 800 тг.

Бұл көрсеткіштер жаңа Тамақтану стандартына және Үкіметтің № 320 Қаулысына сәйкестендірілуі тиіс. Сондай-ақ басқармаға барлық нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде оқушылардың күн сайынғы тізімдерін міндетті түрде жүргізу, кәсіпкерлерге тән емес міндеттерді жүктеуді болдырмау, мектептер мен жеткізушілер арасындағы бірыңғай өзара іс-қимыл регламентін бекіту, педагогтар мен басшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ «Алакан» жүйесінің тұрақты жұмысын және техникалық ақаулар кезіндегі іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету ұсынылды.

Ал «Денсаулық сақтау басқармасы» мен Актөбе облысы СЭК департаментіне жаңа Тамақтану стандартын енгізуге белсенді қатысу, санитариялық талаптар бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және нормалар мен мектептердегі нақты процестер арасындағы алшақтықтарды жоюға көмектесу ұсынылды.

Өз кезегінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2026–2028 жылдарға арналған бюджетке тамақтану құнының бекітілген мөлшерін енгізу ұсынылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне тамақтану құны мен есепке алу көлемдерінің бекітілуіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізіп, ашықтық пен нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174