Түркістан облысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері таныстырылды
Бүгін палатада бизнес субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық семинар өтті. Жиында гранттар, субсидиялар және жеңілдетілген несиелер алу жолдары түсіндіріліп, құжаттарды дайындау тәртібі мен қаржыландыру мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Кәсіпкерлер үшін қолжетімді бағдарламалар туралы мамандар жан-жақты ақпарат беріп, бизнесті бастау немесе кеңейту кезінде ескерілетін талаптар мен рәсімдер түсіндірілді.
Семинарға Еңбек мобильдігі орталығы, “Даму” қоры, ForteBank және Халық Банкі өкілдері қатысып, әрқайсысы өз бағыттары бойынша ұсынылатын қызметтер мен қолдау түрлерін таныстырды. Банк мамандары несие алу шарттары мен жеңілдіктер туралы мәлімет берсе, “Даму” қоры кәсіпкерлерге кепілдік және субсидия бағытындағы мүмкіндіктерді түсіндірді.
Шара соңында қатысушылардың жеке сұрақтары қаралып, нақты жағдайларға байланысты пайдалы кеңестер берілді. Кәсіпкерлер семинардың мазмұнды өткенін айтып, мұндай кездесулер бизнес жүргізу тәжірибесін жетілдіруге көмектесетінін атап өтті.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


Пікір қалдыру:
Пікірлер: