«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысында «Парыз» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

2025 жылғы 22 Желтоқсан
- Ұлытау облысы
130 просмотров

Ұлытау облысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыруға бағытталған Президенттік «Парыз» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Іс шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталды. 
«Ең үздік әлеуметтік жауапты іс-шара» номинациясында «САС Қазақстан» ЖШС, «Самға» ЖШС, «Danyspan» балаларға арналған түзету-дамыту орталығы, сондай-ақ «MamaRada» оқу академиясы марапатталды. Аталған ұйымдар әлеуметтік жобаларды белсенді жүзеге асырып, қоғам дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
«Еңбек қауіпсіздігі саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын қорғау бағытында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген «Қазтехфильтр» ЖШС жеңімпаз атанды.
Ал «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Жүрек» ЖШС мен Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжі марапатталып, аталған ұйымдарда жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы тиімді әлеуметтік әріптестік жүйесі қалыптасқаны атап өтілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174