«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қытайдағы іскерлік байланыстарды дамытуда

2025 жылғы 24 Желтоқсан
413 просмотров

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстарды қолдау және дамыту мақсатында ірі қытайлық корпорациялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

22 желтоқсанда CITIC Group компаниясы бас директорының орынбасары әрі партия комитетінің мүшесі, сондай-ақ CITIC Limited және CITIC Corporation Limited компаниялары бас директорының орынбасары Цзэн Ци ханыммен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасып, алдағы кезеңдегі жұмыс байланыстарын дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

          Сұхбаттастар іскерлік құрылымдар желісі бойынша тұрақты диалогты сақтауға және байланыстарды жалғастыруға мүдделіліктерін білдіріп, екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы тікелей өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

          Сол күні Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасы Aladdin Holdings Group Co., Ltd. компаниясының Басқарма төрағасы Ян Жэньцянмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықты дамытуға қатысты жалпы тәсілдерді талқылап, алдағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары жөнінде пікір алмасты.

          Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға, жұмыс байланыстарын сақтауға және Қазақстан мен Қытайдың іскер топтары арасындағы тікелей өзара іс-қимылға негізделген ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты.

          Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Басқарма төрағасының Қытайға жасаған жұмыс сапары іскерлік байланыстарды нығайтуға және қытайлық серіктестермен алдағы нәтижелі өзара іс-қимылға негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174