«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО Іскер әйелдер кеңесі

Арқабаева Алма Нұралықызы 

Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы


Арқабаева Алма Нұралықызы – Оңтүстік Қазақстан облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1967 жылы Шымкент қаласында туған.

  • 1992 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1984 жылы бастады. №12 Шымкент  СКТУ-інде шебер, «Қазбаспасөз» АҚ-ында жұмыс істеді.

  • 2011 жылдан бері –  «Asyl Arman» Корпорациясы» ЖШС-нің меншік иесі және бас директоры, ОҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Отбасылық бизнес қауымдастығының мүшесі.

  • ХБА «Бизнес-әкімшілендіру магистрі» біліктілігі бойынша бизнес-бағыттау және тұлғалық өсу жөніндегі сертификатталған тренер болып табылады.

  • Оксфорд Көшбасшылар саммитінің «Еуропалық сапа белгісімен», Халықаралық «Қазақстан өңірлерінің алтын қоры» сыйлығымен, «Даңқ жұлдызы – Қазақстан экономикасы» орденімен марапатталған.  

­­­Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.

Кеңестің міндеті:

  • Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
  • Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • «Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;
  • Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу,  оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
  • Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.

2017 жылы барлығы – 9873 кеңес, оның ішінде:

Әйелдер – 2981 (30%),  оның ішінде:

ЖК – 2346 (78,7%)

ЖШС – 412 (13,8%)

КХ – 206 (7,0%)

ПК – 17 (0,5%)

 

Салалық тұрғыда:

Сауда – 824 (27,7%)

Ауыл шаруашылығы – 825 (27,7%)

Басқа да қызметтер – 551 (18,4%)

өңдеуші өнеркәсіп – 221 (7,4%)

Білім – 155 (5,1%)

Еншілес ұйымдар

Серіктестер