«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Хабарландырулар

Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша облыстың аудандары мен қалаларында ақысыз курстарына құжат қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың қатысушылары ретінде халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуі немесе тіркелмеуіне қарамастан барлық жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және жоғарыда аталған ауылдық елді мекендерде және аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке тұлғалар - әрекет етуші және бастауыш кәсіпкерлер (тіркелу уақытынан үш жыл мерзім ішінде) қатыса алады. 
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет және оның нәтижелері бойынша оқу топтарына іріктеу жүргізіледі. Ниет білдірушілерді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/ халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне барып өтінім мен сауалнаманы толтыруларыңызды сұраймыз.
Өзімен бірге келесі құжаттары болуы тиіс: жеке бас куәлігінің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, жеке несие есебі.
Оқыту мерзімі 1 ай. Бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы төленетін болады және оқыту қорытындылары бойынша сертификат табысталады.
Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Түркістан қ., Қожанов көшесі, 42, телефон: 8/72533/59874, сайт: www.atameken.kz.

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің (Кәсіпкерлер палатасының байқаушы органы) резервтік құрамына үміткерлердің құжаттарын қабылдауды бастағандығын хабарлайды.

Өңірлік кеңестің мүшесі болуға үміткер келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1.         Кәсіпкерлік субъекті және/немесе Кәсіпкерлер палатасында акредиттелген қаумдастықтың/кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның басшысы болуы;

2.         Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық іс әрекетінде белсенді қатысушы болуы;

3.         Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшысының бірінің болуы;

4.         Өңірде көпшілік тұлғаның болуы;

5.         Қоғамда және кәсіпкерлер арасында танымал, оң беделді болуы;

6.         Өз кәсібінің оң нәтижесінің болуы;

7.         Әлеуметтік жауапкершілігі мол болуы.

Өтінішті қарау үшін қажетті құжаттар:

1.         Түйіндеме фотосымен (қоса жалғанды);

2.         Салық және өзге де бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;

3.         Мәліметтерді тексеруге келісім.

Барлық сұрақтар бойынша 8 702 236 20 00 телефонына хабарласуды сұраймыз.

Құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: Түркістан қаласы, Қожанов көшесі 42

Түйіндеме нұсқасы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер