«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматылықтар Арыс қаласының тұрғындарына көмек беруді жалғастыруда

2019 жылғы 26 Маусым
- Алматы қаласы
6324 просмотров

Қаланың шағын бизнесі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен отандастар үшін қаражат жинауға қомақты үлес қосуда

Алматыда «Мен алматылықпын» қоғамдық қозғалыс ғимаратының көмек жинау пункті пайда болды. Ол «Нархоз»универистетініңойын алаңшасындағы әскери өнер мектебінде орналасқан. Кеше Шымкент қаласына азық-түлік, киім-кешек, алқашқы қажеттілік құралдары, көрпелер және де балалардың ойыншықтарымен толтырылған 4 жүк көлігі шықты.

Адамдардың келу қарқыны жалғасып жатыр. Алматылықтар бас тартпай толтырылған пакеттерді, сөмкелерді және қораптарды алып жүруді жалғастыруда. Олардың қатарында қарапайым азаматтар да, шағын бизнес өкілдеріде бар. «Магнум» супермаркеті 3 млн теңгеге азық-түлік алып келді, «Самал» бөтелкедегі су өндіруші кәсіпорыны 40 градустық ыстықта зардап шеккендердің, шөлді бастан кешкенін естігеннен кейін су жүк көлігін жіберді. Караоке-бардың иесі ақша салып, тұрмыстық химия заттарын, өсімдік майын, ұн, макарон өнімдерін сатып алып жіберді.

Алматыдағы ірі бизнес өкілдері де шет қалмауда. «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ мен «Аtacom» ЖШС 1 млн теңгеден аударды. «PLATUS. KZ» ЖШС үйінділерді бөлшектеу кезінде кран техникасына қажетті ілмектерді қоюға дайын екендігін жеткізді. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Сұңқар» клиникасының иесі Қуаныш Керімқұлов зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер делегациясын жіберіп, зардап шеккендер үшін уақытша қызмет көрсетті.

«Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаларды ескеретін болсақ, біз әлеуметтік желілерде жоғалған балаларды, қираған үйлерді көріп отырмыз. Әрине, Қазақстан туризмі осы қайғыдан тыс қала алмайды. Қазақстан туристік қауымдастығы Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін қаражат жинау акциясын жариялады», – деді Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті, Қазақстандық туристік қауымдастықтың төрайымы Рашида Шайкенова.

Қауымдастық төрайымының айтуынша, қазіргі уақытта қауымдастық қаражат жинаумен айналысып жатыр, жақын арада осы ақшаны кімге беріледі, нысаналы мақсаты қандай болатыны, кім жауапты тұлға болатыны анықталып, өз кезегінде бұл ақпарат Қауымдастық мүшелеріне, акция қатысушыларына беріледі.

«Біз  ақшалай қаражат қана жинаймыз, өйткені қажетті заттардың қаншалықты көп жиналғанын көріп отырмыз. Біз бірінші кезекте қажетті заттардан да басқа ақшалай қаражат қажет екенін біліп отырмыз. Әсіресе үй жайлары зардап шеккен адамдарда қажеттілік көп туындауда. Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлердің арасында келеңсіз оқиғаға тартылғандар туралы ақпараттар бар. Адамдарды орналастыру бойынша қонақ үй бизнесі ерекше күш салуда. Өкінішке қарай, Шымкенттегі қыздың аты-жөнін білмей отырмын, ол шағын қонақ үйдің иесі екен. Ол 30-ға жуық адамды түнеуге өзі алып келген. Біз қазір ол қызға адамдардың қайғыларына немқұрайлы қарамағаны үшін, алғыс хат дайындап жатырмыз», – деп мәлімдеді Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті, Қазақстандық туристік қауымдастықтың басшысы Рашида Шайкенова.

Естеріңізге салсақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін Арыс қаласында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше көмек беруге шақырды. Көмек қаражатын жинау шотын «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ашты. Қаражатты компьютер немесе смартфон арқылы сілтемеге өтіп («Көмек бергім келеді» батырмасы), аударуға болады.

Немесе келесі банк реквизиттері арқылы:

 010000, г.Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Сығанақ, 25-үй

БИН 180540015308

ИИК KZ759470398991370112

БИК ALFAKZKA

«Альфа-Банк» АҚ.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер