«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Су тапшылығы сауатты шешілді

2018 жылғы 05 Желтоқсан
- Түркістан облысы
13192 просмотров

Түркістан облысында егіс алқаптарындағы ағын судың тапшылығы мәселесінің шешілуі шаруа қожалықтарының шығындарын төрт есе азайтып, олардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өңірде 250 мың гектар суармалы жер пайдалануға беріледі. Бұл Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Абишовпен кездескен аймақ кәсіпкерлерінің қол жеткізген басты жетістігі болды.

Егіс алқаптарында ағын судың жетіспеушілігі – бұл Ұлттық Кәсәпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтың Түркістан облысына жақында  болған іс сапары аясында Өңірлік палата басшылығы назарын аудартып, көтерген мәселелерінің бірі. Осыған байланысты облыстың шаруа қожалықтарын аралап, жәй күйімен танысу үшін жұмыс тобы құрылды. Осындай кездесулер барысында өңірдің шаруалары алдымен шешілуі керек проблемалық мәселелерін көтерген болатын.

Атап айтқанда, облыстағы ауыл шаруашылығы дамуына кедергі келтіретін ең маңызды проблемалардың бірі – Арыс-Түркістан каналындағы су жетіспеушілігі. Мысалы, Кентау қаласы маңындағы  Жібек Жолы ауылдық округінде ағын су жетіспеушілігінен жердің көп бөлігі игерілмей қалған. Мұнда суармалы жер 2060 гектарды құрайды. Арналардағы судың жетіспеуіне байланысты шаруалар суару үшін моторлы ұңғымаларды (құдықтар) пайдаланады. Ауылда 123 моторлы ұңғымалар жұмыс жасайды. Бір гектар жерді суару үшін фермерлер 120 мың теңге жұмсайды. Жалпы егістік жерлерді суаруға кеткен қаражатты кәсіпкерлер қалтасынан төлейді, бұл факт өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Ұқсас жағдай Майдантал ауылының кәсіпкерлерінде де кездесті. Су жетіспегендіктен, 1,815 гектар егістік алқабының тек 800 гектар бөлігі ғана  игерілген. Мұндағы жергілікті су қоймасының сыйымдылығы 8 миллион текше метрді құрағанымен, оның таязданып, ластануына байланысты судың 6 миллион текше метрі ғана шаруаларға жеткен.

Кездесу нәтижесі бойынша Палата сарапшылары көтерген мәселелердің барлығы дерлік министрлік тарапынан қолдау тапты.  Жаңа жобалар бойынша, 2021 жылға қарай Түркістан облысында 250 мың суармалы жер пайдалануға беріледі. Арыс-Түркістан каналынан су пайдаланатын шаруа қожалықтарынығ шығындары біріктіріліп, нәтижесінде шаруалардың су тұтыну шығыны екі есе азаяды.

Бұдан басқа, Жібек Жолы ауылындағы  123 моторлы ұңғыма мен Майдантал су қоймасы «Қазсушар» су ресурстары комитетінің меншігіне өтетін болды. Бұл шаруа қожалықтарының шығындарын 4 есеге азайтып, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«Шаруаладың проблемалық мәселелеріне қатысты ұсыныстарымыз министрліктің қолдауына ие болды. Бұл өңірдегі аграрлық сектордың дамуына елеулі үлес қосады », – деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Актанәлі Исмаил.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер