«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық кәсіпкерлерге құрылыс нарығының даму жолдары айтылды

2019 жылғы 24 Қазан
- Түркістан облысы
10593 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Batsu» кірпіш зауыты мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «азаматтық құрылыстағы заманауи құрылыс материалдары» атты тақырыпта семинар өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың мақсаты жергілікті қамтуды бақылау комиссияның жұмысы шеңберінде отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету. Іскерлік байланысты нығайту және кеңейту, сонымен қатар қазіргі заманғы құрылыс жабдықтарына байланысты мәліметтерді тарату.

 «Біздің облыста қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс нысандарында жергілікті қамтудың үлесін арттыру өте маңызды. Бүгін біз құрылыс компанияларын жергілікті тауарлармен таныстырып, құрылыс материалдарын өзге елден сатып алмай «өзіміздің» өндірушіден ала алатынымызды түсіндіру үшін осында жинадық»,- деді Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Жомарт Махмұт.

  Құрылыс материалдары бойынша соңғы технологиялық жаңалықтар мен нарықты дамыту жолдарын түркістандық бизнесмендерге түсіндіру үшін Ресейден арнайы шақырылған маман, техника ғылымдарының кандидаты, «Томские фильеры» компания топтарының бірінші технологы және ТОО «Батсу-Водоканал» жұмыс сапасы жөніндегі кеңесші Александр Абакумов арнайы келді.

Ресейден арнайы келген маманның тәжірибесімен танысуға құрылыс компаниялары мен облыс жобалаушылары жиналды.  

 Айта кетейік, BATSU кірпіш зауыты керамикалық кірпіш шығару бойынша оңтүстік аймақта көш бастап келеді. Аталмыш компания өндірістен жоғары нәтиже көрсетіп және шығарылған өнімнің сапасына үлкен мән береді, сонымен қатар құрылыс сапасында барлық заманауи үрдістерді қолға алуға тырысады.   

Ордабасы ауданында орналасқан зауыт 15 жыл бойы азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста және 21 жыл қатарынан құрылыс жабдықтарын өндіру нарығында жұмыс жасап келеді.

Зауыттың осы уақытқа дейін көтерген құрылыстар қатарында білім беру ордалары мен ауруханалар, көпқабатты жылы үйлер, цех өндірістік кәсіпорындар, гидротехникалық объектілер мен саябақ алаңдары бар.

2013-2015 жылдары зауытты толық жаңғырту мен қайта құрудан кейін «BATSU» кірпіш зауыты Қазақстандағы өнім өндіру мөлшері бойынша № 2 орында.

Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 60 млн. жоғарысапалы кірпіштер шығаруға қауқарлы.

Семинар барысында Қазақстан нарығындағы бұл ерекше тауарға қатысты жақсы жаңалықтармен қоса кездесетін проблемалық мәселелер де қамтылды.

Соңында семинар қатысушылары өнім төлеушілерімен қызықты тақырыптарда пікір алмасып және компания атынан сыйлықтар алды.        

          

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер