«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістандық 10 мыңнан аса кәсіпкер Өңірлік кеңеске үміткерлер үшін дауыс беруге қатысты

2020 жылғы 24 Тамыз
- Түркістан облысы
9303 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау мәресіне жетуде. Онлайн дауыс беру аяқталды, нәтижелер есептелуде.

10 515 бизнес субъектісі алдағы 4 жылда өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін шешуді ілгерілетушілерге өз дауыстарын берді.

Еске салайық, дауыс беру процесі 5-20 тамыз аралығында https://vote.atameken.kz/ сайтында өтті. Республика бойынша Кәсіпкерлер палаталарының Өңірлік кеңестеріне кандидаттар үшін барлығы 130 393 бизнес өкілі өз дауыстарын берді.

Қазіргі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП Орталық аппаратында дауыс беру санын есептеу жүргізілуде. Сайлау нәтижесі бойынша өңірлік кеңестерге 456 адам өтеді.

Түркістан облысы Өңірлік кеңеске мүше санына квота салалар бойынша бөлу әрі өңір ерекшелігін ескере отырып 35 адамды құрайды. Жалпы, Түркістан облысынан 47 кәсіпкер Өңірлік кеңеске үміткер болды.

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Сайлау қорытындысы 3 қыркүйекте жарияланады деп күтілуде. Сол күні Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы өңірдің бизнес қауымдастығын өңірлік кеңестің жаңа құрамымен таныстыратын болады.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер Палатасы дауыс беруге қатысқан өңірдің барлық бизнес өкілдеріне алғыс білдіреді. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысады деп сенеміз.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер