«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысы Өңірлік Кеңесінің жаңартылған құрамы бизнес мәселелерін шешуге кірісті

2020 жылғы 18 Қыркүйек
- Түркістан облысы
5943 просмотров

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде бірқатар өзекті салалық мәселелер көтеріліп, шешу жолдары ұсынылды.

Онлайн байланыс арқылы өткізілген жиынға Тимур Асқарұлына өңіріміздің экономикалық жағдайы туралы Өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов баяндады.

Атап айтқанда, ол Түркістан облысында бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 141 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар екенін атап өтті. Егер ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша айтатын болсақ, оның ішінде 11 994 немесе 8,5% заңды тұлғалар, 65 001 жеке кәсіпкерлер (46%) және 67 763 шаруа қожалықтары (48%).

«Біздің облыста кәсіпкерлердің жартысынан көбі агроөнеркәсіптік кешенге тартылған және біз ауылшаруашылық шикізаттарының кең түрін өндіреміз: мақта, ет және сүт өнімдері мен көкөністер. Жағымды жақтардан басқа, облыста бірқатар проблемалар бар, олардың біразы шешімін тауып, ал кейбіреулері шешімін күтуде. Бүгінгі таңда Еңбек өнімділігі және жалпы халықтың әл-ауқаты мәселесі өткір тұр. Бізге қазіргі заманға сай қадам басып, фермерлердің агроқұзыретін арттыру қажет. Оларға қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу керек", - деп атап өтті Кеңес төрағасы.

Бизнес мәселелеріне кірісе отырып, "Қазақ мақта қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Полат Юсупов екінші деңгейлі банктердегі ақша қаражатына қол жеткізу мәселесін қозғады. Оның айтуынша, ҚР Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін  қолма-қол ақшаны пайдалануға белгіленген 120 млн теңге мөлшеріндегі лимиті шитті мақтаны дайындау кезеңінде шаруаларға мүлде жеткіліксіз болуда.

«Өткен жылдардың қорытындылары бойынша, сатып алу кезеңінде ірі мақта компаниялары ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен есеп айырысуға айына 1-ден 3 миллиардқа дейін қаражат жұмсады, ал барлық мақта өндіруші компаниялардың шитті мақта сатып алуға жұмсалған ақшаның жылдық айналымы 45-50 миллиард теңгені құрады. Ұлттық банкке мақта өндіретін серіктестіктердің егін жинау кезеңіне арналған лимиттерін арттыру туралы өтінішпен жүгіндік. Алайда біздің өтініштеріміз оң нәтиже берген жоқ», - деді Полат Юсупов.

Өңірлік кеңестің жаңа мүшесі, «Байкенже» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Байкенжеев те өзекті мәселені көтерді.

«Мен үшін жылыжайларда қолданылатын энергияның қымбаттығына қатысты өзекті сұрақ қою өте маңызды болды. Өздеріңіз білетіндей, Түркістан аймағы ежелден Қазақстанның жылыжай астанасы саналады: республикадағы жылыжайлардың жалпы көлемінің шамамен 70% -ы осы жерде орналасқан. Біздің жылыжайлар негізінен өз өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттауға бағытталған. Бағаны құрудағы негізгі үлес - коммуналдық қызметтердің құнына сәйкес қойылады. Жылу және жарықтандыру үшін облыста электр энергиясын тұтыну сағатына 250 МВтс жетеді. Біз ауылшаруашылық өнімдерінің жетекші экспорттаушы елдерінде қолданылатын қосымша жарықтандыруды армандаймыз. Бізге тек табиғи күн сәулесінде жұмыс жасайтын жылыжайлар салу керек. Шығындарды азайту үшін жылыжайларды мемлекеттік қолдаудың шұғыл қажеттілігі бар, сонымен қатар өнімділікті арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізу қажет», - деп санайды кәсіпкер.

Өзбекстаннан шыққан тауарлардың демпингтік және ресми емес айналымы проблемасын «Алтын Адам Тігін Фабрикасы»  ЖШС-нің басшысы Балжан Халмуратова көтерді.

«Пандемияға дейін Өзбекстаннан Қазақстанға тәулігіне 10 мыңға жуық костюм заңсыз алып келінген. Кейіннен өнімнің бір бөлігі Ресейге жөнелтілген. 1 костюмнің орташа құны 30 АҚШ долларын құрайды (12,5 мың теңге), бұл отандық өнімге қарағанда 1,5-2 есе арзан.  Яғни тек заңсыз өнім түріндегі жылдық айналым костюмдер 100 миллион АҚШ долларынан асады. Осыған байланысты көптеген отандық тігін кәсіпорындары жеңіл өнеркәсіптің заңсыз өнімдерімен бәсекеге түсе алмауда. Бұл жағдай отандық тауар өндірушілер өз кәсіпорнының қызметін нарықта ұстап тұру үшін тігін жұмыстарын Өзбекстандағы кәсіпорындарға аутсорсингке беруге мәжбүр. Ұқсас жағдай кондитерлік өнімдер, тұтыну тауарлары, кептірілген жемістер, құрылыс материалдары өндірісінде орын алған. Бұл мәселені әртүрлі деңгейде бірнеше рет көтеріп келеміз, бірақ бүгінгі күні шешімін таппай келеді",- деді Балжан Халмұратова.

 

Ол екі елдің нарықтарында тең бәсекелестікті жүргізу үшін өнімді кедендік рәсімдеу кезінде Өзбекстан тауарларына өзара айна шараларын орнату қажеттігін атап өтті. Бұл шара отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай қолдау көрсетер еді.

"Қуаныш" ЖШС басшысы Инара Намазбаева қаржыландыруға қолжетімділік мәселесін көтерді.

"Бүгінгі таңда Түркістан облысында 141 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың негізгі қызметі Екінші деңгейлі банктермен тығыз байланыста. Облыста ЕДБ-нің толық форматты филиалдарының немесе өкілдіктерінің болмауына байланысты қаржыландыруға қолжетімділік едәуір дәрежеде күрделене түсуде. Бізге әр жолы Шымкент қаласына баруға тура келеді, бұл уақытша және ақшалай шығындарды талап етеді",-деп атап өтті ол.

 

ҰКП басшылығы айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстарды Ұлттық палата бақылауға алғанын және міндетті түрде пысықталатынын атап өтті.

Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелерімен бірлесіп, 29 қазанда Үкіметтің қатысуымен өтетін "Атамекен" съезінде өңір бизнесінің жүйелі проблемаларына мониторинг жүргізуді жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер