Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік органдар бизнесті қорғау үшін күш біріктіруде
Түркістандық кәсіпкерлер облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті және прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырған "Бизнесті және Инвестицияны қорғау" форумы барысында бизнес жүргізу кезінде туындайтын мәселелер туралы айтып берді.
Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыс прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хакім Көшқалиев, тиісті қалалық басқармалар мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Форумның модераторы болған Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков өз сөзінде мұндай кездесулер ашық пікірталасқа мүмкіндік беретінін және бизнес өкілдері үшін диалог режимінде өзекті мәселелер туралы хабарлауға және мемлекеттік органдар басшылығымен пікір алмасуға жақсы мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі шағын және орта бизнес пандемияның негізгі соққысын өз мойнына алып, қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Президент айтқандай: мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Бүгін біз бизнесті дамытуға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен тосқауылдарды анықтауға, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға бағытталған бірлескен күш-жігерімізді біріктірдік»,-деп атап өтті өңірлік Палата басшысы.
Палата директоры кәсіпкерлермен тиімді өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс туралы да айтып берді. Оның айтуынша, облыстық Кәсіпкерлер Палатасы құрылғалы 740 өтініш келіп түскен, оның 488-і кәсіпкерлердің пайдасына оң шешілді, бұл 66% - ды құрайды.
Өтініштердің негізгі үлесі жер қатынастарына – 15,8%, мемлекеттік органдардың әрекетіне/әрекетсіздігіне – 16,6%, салықтық және кедендік әкімшілендіру саласында - 7,5%, Мемлекеттік сатып алулар – 6,6%, ТЖ және карантин кезеңінде – 23,3%, әртүрлі – 12,5% тиесілі. Палата түркістандық кәсіпкерлерінің 10,4 млрд теңгеден астам сомадағы мүліктік құқықтарын қорғады.
Бизнес-қоғамдастық алдында Түркістан облысы әкімінің орынбасары және прокурордың орынбасары сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері басты мақсаты бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылатын "Protecting Business and Investments" жобасы туралы айтып берді. Жоба шеңберінде департамент бизнес субъектілеріне бақылаушы органдар тарапынан заңсыз тексерулер мен әкімшілік кедергілерді болдырмауға көмек көрсетуге міндеттенеді.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойып, Департаментке 37 шетелдік және жергілікті инвестор сенім білдірген.
Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер бірқатар проблемалық мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, рестораторлар қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне шағымданды. Себептерді анықтау үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті прокуратура органдарымен және Палатамен бірлесіп полиция департаментінің қабырғасында тиісті кеңес өткізетін болады.
Сондай-ақ, жер мәселесі, субсидиялау проблемалары және т.б. мәселелер көтерілді.
Барлық айтылған мәселелер бақылауға алынып, прокуратурамен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп пысықталатын болады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен инвесторлар арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: