«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысында "Аshyq" жобасы «қызыл» және «сары түс» жағдайындағы 14 адамды анықтады

2021 жылғы 08 Маусым
- Түркістан облысы
10505 просмотров

Түркістан облысында 20-мамыр мен 2-маусым аралығында оқшаулау режимін бұзған 14 жағдай тіркелді. «Ashyq»  жобасы арқасында  он бір азаматтың  коронавируспен ауырған науқастармен  байланыста болғандығы, үш адамда  қызыл түс белгісі жанып,  сovid-19 инфекциясымен ауырғандығы анықталған.

"Ashyq" ақпараттық жүйесі "қызыл" мәртебесі бар жеке тұлғаға автоматты түрде covid-19-ға ПТР анализінің оң нәтижесін және 14 күндік үй жағдайында оқшаулану қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.

"Сары" мәртебесі бар адамға COVID-19 жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны туралы және 14 күндік үй карантинін сақтау қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер ол адамның нысанға бару фактісі қайта анықталған кезде жеке тұлғаға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ashyq" енгізудің негізгі мақсаты - коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау. Бизнес үшін қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Түркістан облысында кәсіпкерлер арасында "Ashyq"жобасына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде Өңірлік палатаға бес жүзге жуық өтінім келіп түскен.

2021 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша Түркістан облысында 430 нысан қосымша бойынша жұмыс істеу үшін QR-код алған, оның ішінде 28-і  жобаға ерікті түрде кірген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар.

Тек Ashyq қосымшасын ғана емес, сонымен қатар Aitu және Kaspi.kz платформаларын пайдалану мүмкіндігі жоба бойынша жұмыс істейтін объектілерге келушілер үшін маңызды көмек болды. Жақын арада тағы бірнеше қазақстандық банктер Ashyq үшін QR кодын мобильді қосымшаларында енгізетіндіктерін хабарлады.

"Вакцинацияланғандардың мәртебесіне байланысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Жақын арада коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған азаматтар автоматты түрде қосымшада "жасыл" мәртебе алып, қандай да бір шектеусіз қоғамдық орындарға баратын болады. Бүгінде бұл пилоттық жоба өзін жағымды жағынан көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеді. Ол бизнес субъектілеріне карантин және шектеу шаралары кезеңінде залалсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беруде. Облысымызда жобаға қатысуға ниет білдірушілер саны күн сайын артып келеді. Бассейн, сауна, кафе, мейрамхана иелері ерекше қызығушылық танытып отыр", - деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

Мобильді қосымша денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен біріктірілген және ПТР тестілері мен санитарлық-эпидемиологиялық тексерулердің өзекті деректерін пайдаланады.

Мекемеге кірер алдында пайдаланушы смартфонмен QR-кодты сканерлейді немесе ЖСН-мен салыстыру үшін жеке куәлігін ұсынып, өзінің мәртебесін көрсетеді. "Қызыл "-ПТР тестінің оң нәтижесі, "сары" - байланыс, тиісінше, мұндай мәртебелерде карантинді сақтау қажет. Деректер базасына "ауру" немесе "байланыс" ретінде енгізілген адам мекемеге кіре алмайды. "Көк" -ПТР - тест міндетті орындардан басқа жерлерде еркін қозғалу, "жасыл"-ПТР-тесттің теріс нәтижесін білдіреді.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілері арасында "Ashyq"жобасының мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жобаға қатысу бойынша кеңес алу үшін түркістандық кәсіпкерлер облыстық кәсіпкерлер палатасына 8 (72533) 5-98-98 телефоны арқылы хабарласа алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер