«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тауар таңбасын тіркеу бойынша электр шәйнегін өндіретін кәсіпорынмен кездесу өтті

2023 жылғы 10 Сәуір
- Түркістан облысы
10185 просмотров

Түркістан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің мамандары және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Сарыағаш аудандық филиалының өкілдерімен Сарыағаш ауданында орналасқан электр шайнегін өндіретін «Bah-Asmar» цехында кездесу өтті.

Кездесу барысында кәсіпорын шығаратын өнімдердің түрлері таныстырылды. Сонымен қатар, Департамент мамандары тарапынан арнайы кеңестер беріліп, тауар таңбасының тіркелу жолдары түсіндірілді.

Цех жұмысын бастаған жас кәсіпкер Қожабек Егембердиев электр шәйнектерді жасауға Қытайдан арнайы құрылғылар сатып алып, ал шикізатты шетелдерден алдыратынын айтты. Мемлекеттен ешқандай қолдау алмаған.

«Қазіргі таңда үш түрлі дизайндағы шәйнек түрін шығарып отырмыз. Ал оның пішіні келтірілген қалыпты Қытайдан алдырттық. Болашақта шыны шәйнектің 5-6 түрін шығару үшін қалыптар сатып алып, өндірісті үлкейтуге ниеттеміз. Сату жағына келсек, үлкен дүкендердің сүрелеріне қою үшін құжаттар дайындап жатырмыз. Әзірше базарға өткізудеміз», –  деді кәсіпкер.

Ол кәсібін кеңейту үшін мемлекет тарапынан пайызсыз қайтарымды несие берілсе деген үміті барын айтты. Оның тек бұл емес, тағы бірнеше жобасы бар көрінеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер