«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанның 2 кәсіпорыны «Алтын сапа» сыйлығына ие болды

2023 жылғы 12 Желтоқсан
- Түркістан облысы
8410 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге сапа саласындағы Президенттің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығын табыстады. «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары дипломдар, байқау эмблемасымен және жеңімпаздарды келесі кезең – ТМД-ның өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы байқауына қатысуын ынталандыру үшін 450 АЕК мөлшерінде қаржылай сыйақымен марапатталды.

Биыл «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауына республика көлемінде 221 компания өтінім берген. Сапа саласындағы сыйлық: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымындағы 4 номинация бойынша берілді. Әр номинация бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъекті бойынша үш сыйлықтан табысталды.

Дәстүрлі жиында Түркістанның 2 кәсіпорыны «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Мәселен, сүтті өңдеу және сүт өнімдерін өндіруші «AYKAN» ЖШС мен жиһаз өндіруші «Asia Brand» кәсіпорындары. Түркістан облысының Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан «AYKAN» ЖШС еліміздегі брендке айналған «Эмир» және «Elita» ірімшік өнімдерін өндіреді. Мекеме директоры Алмагүл Айқанның сөзінше, кәсіпорында қызметкерлер саны 80 адам. Кәсіпорын былтыр «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы республикалық кезеңінің дипломанты.

Ал, жиһаз өндіру бойынша нарықта 10 жылдан астам тәжірибесі бар «Asia Brand» ЖК жиһаз өндірісін бір қызметкермен бастаған. Компанияның бас директоры Ұйғын Әбішевтің айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етуде. Облыс орталығында жылына Түркістан қаласының брендіне айналған ас үйге және жатын бөлмесінің жиһаздар мен шкафтың 22 мың данасы өндірілуде. Компания өз өнімін сату үшін Қазақстанның барлық ірі қалаларында 14 қойма ашса, бұдан бөлек Өзбекстан және Ресей мемлекеттеріне экспорттап жатыр.

Сонымен қатар марапаттау салтанатында «Qazaqstan Project Management Awards-2023», «Іскер», «Қазақстанның үздік тауары», «Ұлы дала елі», «Іскерлік кемелдік», «Парыз» және «ASMAR» бизнесте тану» сыйлықтары табысталды. Бұдан бөлек байқауда «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» атты арнайы сыйлықтары қарастырылған. Осы байқаудағы жеңімпаздар лауреат атанады. Осылайша жыл сайын 14 лауреат анықталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер