«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті

2024 жылғы 29 Ақпан
- Түркістан облысы
6384 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев қатысты. Кездесуде өңірлік кеңес құрамына қабылданған жаңа мүшелер мен палатаның жаңа ұйымдық құрылымы таныстырылды.

«Кәсіпкерлер палатасы - жеке кәсіпкерлер мен билік арасында алтынкөпір болуы тиіс. Елімізде кәсіпкерлік саласы жақсы дамыса, қосымша салық көбейеді деген сөз. Яғни мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік нысандар салуға септігі мол. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды өндіріс орындарын ашу арқылы кәсіпкерлікті дамытуды басты назарға алып отыр. Әрине барлығымыз бірлесіп кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, бизнестің өркендеуіне атсалысуымыз қажет»,- деді Нұралы Әлмаханұлы.

Басқосу соңында Асылан Сейілбекұлы ұжымның алға қойған жоспарларымен таныстырып, жұмыс барысын жандандыруды қолға алатындығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер