«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістан облысының кәсіпкерлері «Күшіміз бірлікте» қорына қаржы аударып жатыр

2024 жылғы 11 Сәуір
- Түркістан облысы
6184 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішов бизнес өкілдерін су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге шақырды. Басқосуға өңір аумағындағы облыс орталығынан шалғай аймақтағы кәсіпкерлер «Zoom» платформасы арқылы онлайн қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Үндеуінде биылғы су тасқыны, көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін атап өтті. Президент бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты міндетті түрде еңсеретінімізді, суға кеткен үйлер қалпына келтірілетінін, қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды екенін жеткізді. Сондықтан осындай сын сағатта біз, «Біріккен бітіреді, ұйымдасқан – ұтады» демекші, бірлікті ту еткен ел екенімізді дәлелдеуге тиіспіз», - деді Нұралы Әлмаханұлы.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында арнайы ұйымдастыру іс-шараларын шұғыл бастап кетті. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевтің айтуынша, оңтүстік өңірдің кәсіпкерлері отандастарымызға қолдау білдіруге ат салысады.

Қазіргі таңда Түркістан облысының Іскер әйелдер кеңесі зардап шеккендерге 700 мың теңге жіберді, «Күшіміз бірлікте» қорына 340 мың теңге аударылды. Яғни елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер тарапынан тиісті қолдау бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер