«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аккредиттелген қауымдастықтар

ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТУ

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңы, Қауымдастықтарды (одақтар) аккредиттеу ережесіне сәйкес ҚР ҰКП жүйесіне заңды тұлғалар бірлестіктері және (немесе) қауымдастық (одақ) формасындағы жеке кәсіпкерлер өтуге құқылы: 

  • республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар),
  • шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары.

Заңға сәйкес Ұлттық палатада аккредиттетуден өткен жоғарыда аталған қауымдастықтар (одақтар): 

  • Ұлттық палата Съезі;
  • Ұлттық палата Төралқасы; 
  • Ұлттық палата Төралқасының комитеттері жұмысына қатысуға құқылы. 

Ұлттық палата, сондай-ақ, Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтар) келісімшарттық негізде «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңы және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерінде қарастырылған функцияларды жүзеге асыруға тартуға құқылы. 

Төралқаның 2013 жылғы 8 қазандағы бекітілген шешімімен (№2 хаттама) Ұлттық палата жүйесіндегі қауымдастықтарды (одақтар) аккредиттеуге қойылатын аккредиттеу ережелері және біліктілік талаптары аккредиттеудің тәртібі мен талаптарын белгілейді.

Акредиттеу тұрақты негізге беріледі (Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҰКП Съезін өткізу туралы ресми хабарламасынан кейін ұсынылған қауымдастықтардың (одақтардың) немесе өзін-өзі басқаратын ұйымдардың құжаттар пакетін қабылдаудан және қараудан бас тартуға құқылы). Осы ретте аталған қауымдастықтар (одақтар) немесе өзін-өзі басқаратын ұйымдар ҰКП Съезін өткізген соң құжаттар пакетін беруге құқылы. 

2025 жылдың 30 сәуіріндегі дерек бойынша ҰКП-да 198 қауымдастық (одақ) аккредиттелген. 

Аккредиттеу мәселелері бойынша ҚР ҰКП Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне хабарласуды сұраймыз, тел: 8 (7172) 919 356

Еншілес ұйымдар

Серіктестер