«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сервистік қолдау

Сервистік қолдау кәсіпорынның тиімділігін көтеру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және мамандандырылған қызметтердің шағын және орта кәсіпкерлігі субъектілеріне ұсынудан тұрады: 

№1 қызмет: Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ мәселелер бойынша консультациялардан тұратын статистикалық есептілік жасау

№2 қызмет: Кеден процедуралары бойынша қызметтер

№3 қызмет: Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және күллі процесті толығымен сүйемелдеу

№4 қызмет: Заңгерлік қызмет көрсету

№5 қызмет: Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер

№6 қызмет: Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар

№7 қызмет: Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер.

№8 қызмет: Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ОҚО-да сервистік қызмет көрсету 2015 жылдың 10 маусымынан басталды.Қазіргі таңда менеджер-кеңесшілер "Даму" АҚ Шымкент қаласындағы өңірлік филиалында және ОҚО Кәсіпкерлер палатасында көрсетіледі.

Тегін сервистік қызметтер төмендегідей мекен-жайларда көрсетіледі:  

  1. Шымкент қ., Қонаев гүлз.,21, "Алтын Орда" БО, 3-қабат
  2. Шымкент қ., Рысқұлов-Байтұрсынов көшелернінің қиылысында, "Даму" КДҚ ғимаратында 
  3. Арыс  қ.,Қонаев көш.,9
  4. Кентау  қ., Абай даңғ., 10Г
  5. Түркістан  қ.,  Қожанов көш.,н
  6. Шаян ауылы, ул. Сейфуллин көш., н
  7. Казығұрт  ауылы,  Қонаев көш.,1
  8. Жетісай  қ.,Байботаев көш., 28 А
  9. Темірлан  ауылы, Абасов көш., 11
  10. Шәуілдір  ауылы, Ауэзова, н
  11. Ақсукент ауылы, Абылай хан көш., 66
  12. Шолаққорған  ауылы, Жібек жолы көш., н
  13. Ленгір  қ., 1м-а, 15А
  14. Т.Рысқұлов  ауылы,Қонаев көш., 49
  15. Шардара  қ.,Аширов көш.,н
  16. Сарыағаш  қ.,Исмаилов көш., н/з
  17. Сонымен қатар, Шымкент қаласының барлық  Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандық басқармаларында қызмет көрсетіледі.

2016 жылдың 3 айына 1538 кәсіпкерлік субъектілеріне 2343 сервистік қызмет көрсетілді. Шағын және орта бизнес өкілдерін қазіргі таңда бухгалтерлік және салықтық есептілікті жүргізу қызметі көбірек қызықтырады. Сонымен қатар, бизнес-жоспар жасау және заңгерлік кеңестер қызметіне қызығушылық көп. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер