«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Басқарма

Мырзахметов Абылай Исабекұлы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы


1969 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік-Қазақстан облысында туған.

• 1992 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

• Экономика ғылымдарының кандидаты.

• 1992-1994 жж. – «Концерн Алтын-Алма» АҚ қаржы директоры лауазымын атқарды.

• 1995-1997 жж. – «Айсель-Казахстан» ЖАҚ бас директоры.

• 1997-1998 жж. – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары.

• 1998-2001 жж. – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директоры.

• 2001-2002 жж. – ҚР Көлік және коммуникациялар министрі.

• 2002–2004 жж. – «DALA GROUP» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі.

• 2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) төрағасы.

• 2007 жылдан – «Атамекен» Одағы Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының Басқарма мүшесі.

• 2011-2012 жж. – ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы ЗТБ президенті.

• 2011 жылдан 2013 жылға дейін – «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы Басқармасының төрағасы.

• 2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы.

Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары - Басқарма мүшесі


• 1973 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

• Атырау мұнай және газ институтының механика факультетін (1996 ж.), РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша (2007 ж.) тәмамдаған.

• 1996­-2002 жж. - бірқатар жекеменшік компанияларда басшылық қызметте болған. 

• 2002-2006 жж. - Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы, аталған департамент директорының орынбасары.

• 2006-2011 жж. - өңірлік басты медиахолдинг – «Атырау-Ақпарат» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнын басқарған.

• 2011-2012 жж. - Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

• 2014-2016 жж. - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Аппарат басшысының орынбасары.

• 2016 ж. ақпан - 2017 ж. қаңтар - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Аппарат басшысы.

• 2017 ж. ақпан - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

Марапаттары:

  •   Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
  • «Қазақстан Республикасына - 25 жыл» медалі
  • «Астанаға – 10 жыл» медалі
  • «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалі
  • «Қазақстан полициясына – 20 жыл» медалі

Бөкейханов Нұралы Әлімұлы

Басқарма мүшесі - Аппарат жетекшісі


Туған жылы: 07.09.1968 жыл.

Туған жері: Алматы қаласы

  • 2013 жылы Ланкастер Университетінің менеджмент мектебінде қаржылық басқару магистрі атанды. «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты.
  •  2019 жылдың желтоқсан айында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді.

 Қызмет жолын жеке сектордан бастаған. Ұлттық палатада оның құрылған күнінен бері еңбек етіп келеді.   Ол қатардағы сарапшыдан Қазақстан Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары қызметіне дейін жеткен білікті маман. 

 

 

Ербол Өстеміров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған жылы: 18.02.1979 жыл

Туған жері: Шымкент қаласы

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Құқықтану» мамандығы

 М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, «Қаржы» мамандығы

Жұмыс тәжірибесі:

04.2017 – 03.2020 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры  директоры;

01.2015 – 04.2017 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры  директоры;

02.2014 – 01.2015 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг департаменті директорының орынбасары; 

11.2013 – 02.2014 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг департаментінің 2-санаттағы сарапшысы;

03.2013 – 11.2013 жж. – «Ас То и К» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары;

07.2010 – 03.2013 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы 1-басармасының бөлім прокуроры, аға прокурор;

12.2008 – 07.2010 жж. – Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі;

03.2007 – 12.2007 жж. – Сәтпаев қаласы прокурорының орынбасары;

04.2004 – 03.2007 жж. – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы прокурорының орынбасары;

07.2002 – 04.2004 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің прокуроры;

11.2000 – 07.2002 жж. – Қарағанды облысы Шет ауданы прокурорының орынбасары.

Марапаттар 

«Атамекен» ҚР ҰКП медалі - ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» (2016 ж.);

«ҚР Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.);
«Атамекен» ҚР ҰКП Құрмет грамотасы (2015 ж.).

ҚР Бас прокуроры атынан «Прокуратура үздігі» медалі (2012 ж.)

Больгерт Евгений Андреевич

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


Туған жылы: 21.06.1984 
Туған жері-Астана қаласы.
Жұмыс тәжірибесі
02.2019-қазіргі уақытқа дейін – Басқарма төрағасының орынбасары – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі;
08.2016-01.2019 – «Kamkor Service» ЖШС Бас директоры;
04.2016 – 10.2016 -«Атамекен» ҚР ҰКП- Басқарушы директор-Базалық салалар департаментінің директоры;
05.2015 – 04.2016 – «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы»;
09.2013 – 05.2015 - Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті Хатшылығының Басшысы;
2011 – 2013 -«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы Директорының орынбасары;
2010 – 2011 -«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ талдау және тәуекелдерді бағалау департаментінің директоры;
2008 – 2010 -«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ Корпоративтік даму департаментінің директоры;
2006 – 2012 -«Приоритет Консалтинг» ЖШС директоры;
2006 – 2008 -«Партитет» Консалтинг тобы» ЖШС директорының орынбасары.
Білімі және біліктілігі
РФ Әділет министрлігінің Ресей Құқық академиясы, «Құқықтану»;
Дрезден техникалық университеті, «Құқықтану»;
Мәскеу Бизнес Мектебі, «Іскерлік әкімшілік шебері».
Марапаттары
РФ Әділет Министрлігі үздік оқығаны үшін төсбелгісі;
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы медалі;
Металлургия өнеркәсібін дамытуға ықпал еткені үшін III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі;
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытқаны үшін II дәрежелі «Атамекен» төсбелгісі;
Қазақстанның тау-кен металлургия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің құрмет грамотасы.
Тілдерді білуі
Қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Жүнісова Дана Бейсенқызы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған жылы: 30.05.1985  жыл
Туған жері – Целиноград қаласы
Жұмыс өтілі – 13 жыл
Жұмыс тәжірибесі:
•    04.2019 жылы – қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі;
•    10.2018 – 04.2019 жж. – «Қазақстан индустрия дамыту институты» АҚ Басқарма төрайымы;
•    09.2018 – 10.2018 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі;
•    04.2018 – 09.2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі;
•    05.2016 – 04.2018 жж. – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары;
•    01.2014 – 05.2016 жж. – ҚР ҰКП Департамент директорының орынбасары, Департамент директоры, Департамент директоры - Басқарушы директор;
•    05.2013 – 01.2014 жж. – ҚР ҰКП Департамент директорының орынбасары, Департамент сарапшысы.
Білім мен біліктілігі
•    Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті, «Бухгалтерлік есеп пен аудит»,  Еуропа Университетінің бағдарламасы бойынша ХБА магистранты.
Марапаттары:
•     29.05.2019 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер басшыларының «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалі;
•    2015 жылы   Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер басшыларының «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медалі;
•    Елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;
•     Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің «Экономикалық интеграцияны дамыту және Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» Алғыс хатын иеленген.

Ордабаев Олжас Темірбекұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары


1989 жылы Алматыда дүниеге келген.

• Абылай хан  атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Cesar Ritz Colleges Switzerland оқу орынын «Қонақүй және туризм менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

• 2007 – 2008 жж. «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ жобаларының үйлестірушісі. 

• 2008 – 2009 жж. «Бауырсақ күні» қоғамдық қоры атқарушы директорының орынбасары.

• 2008 – 2009 жж. «Қазақстан студенттер Альянсы» РСД Алматы штабының көшбасшысы. 

• 2010 – 2010 жж. «Біз қуатты Қазақстан үшін» жастар қозғалысы атқарушы директорының орынбасары. 

• 2010 – 2011 жж. «Қазақстандық азаматтық қорғау қоры» қоғамдық қорының вице-президенті.

• 2012 – 2014 жж. «Жаңа технологиялар және азаматтық қорғау қоры» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары.

• 2014 – 2015 жж. «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік департаментінің бас менеджері.  

• 2015 – 2016 жж. «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары  

• 2016 – 2018 жж. «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры.  

• 2018 – 2018 жж. «Атамекен» ҚР ҰКП адам капиталын дамыту департаментінің басқарушы директоры.

• 2018 жылдың қазанынан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

Якупбаева Юлия Константиновна

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі


1977 жылы Алматы қаласында туған.

  •  Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын аяқтады (1998 г.)
  •  Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ұлттық банкі Қаржы қадағалауы департаментінен бастады, онда жетекіші маманнан бас маманға дейін 4 жыл жұмыс істеді.  
  • 2002-2007 жж. Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы секторы департаментінің директоры.
  • 2007-2011 жж. – Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Басқарушы директоры.
  • 2011-2012 жж. – Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Кеңесі Басқарма Төрағасының орынбасары.
  • 2012-2013 жж. – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқарма мүшесі–Басқарушы директор, Қаржы секторы, салық салу, тариф белгілеу және бәсекелестік секторға жетекшілік етті.  
  • 2013 жыл қараша 2014 жыл қазанға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі.
  • Тәуелсіз директор-бірқатар компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі («Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақ туризмі» ҰК» АҚ) лауазымдарын атқарды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Басқарма мүшесі болды. 
  •   2017 жылдан Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.
  •   2014 жыл қазаннан 2019 жыл сәуірге дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары. 
  • 2017 жыл ақпаннан 2018 жыл тамызға дейін  - Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығын басқарды.
  • 2019 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі болды.

Марапаттары:

  •  Мемлекеттік және қоғамдық наградалардың иегері.
  •  ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасы,
  • «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл»,
  • «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен,
  • «Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының «Мерей» қоғамдық орденімен,
  • «Атамекен» ҚР ҰКП «Ісіне адалдығы үшін» ІІ дәрежелі медалімен марапатталған.

Серіктестер